Денсаулық сақтау вице-министрінің БҚО-ға жұмыс сапары аясында атқарылған жұмыстары туралы

Денсаулық сақтау вице-министрінің БҚО-ға жұмыс сапары аясында атқарылған жұмыстары туралы

              Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР ДСМ “М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы” ШЖҚ РМК “Орал обаға қарсы күрес станциясы” және ШЖҚ РМК “Ұлттық сараптама орталығы” БҚО бойынша филиалының вирусологиялық және бактериологиялық зертханаларында болды.

               Вице-министр ҚР ДСМ “М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы” ШЖҚ РМК “Орал обаға қарсы күрес станциясы” филиалында обаның диагностикасы және алдын алу зертханасы, тырысқақ және АҚИ (аса қауіпті инфекциялар), кадрлар даярлау, қоректік орта  зертханалары, ТӨМ (тірі өсірінділер мұражайы) жұмысымен танысты.

               Сондай-ақ, БҚО бойынша “Ұлттық сараптама орталығы” филиалының вирусологиялық және бактериологиялық зертханалары да Айжан Есмағамбетованың назарынан тыс қалмады. Мұнда мамандар вирустың генетикалық материалын бөлу және реакциялық қоспаларды дайындау бойынша зерттеулер жүргізеді. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері зертхана ұжымымен танысып, зертханалардың қажетті жабдықтармен  жабдықталуына мән берді.

              Облыс тұрғындары арасында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ұжым алдына нақты міндеттер қойып, жүзеге асырылуын тапсырды.