Түркістан облысының 93% халқы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Түркістан облысының 93% халқы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

               Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі  509 орталықтандырылған ауыз су құбырына, 200 орталықтандырылмаған  су көздері мен құдықтар, бұлақтар мен артезиан суларының сапасын бақылайды.

                Халықты құбыр суымен қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде, облыс халқының 93 % орталықтандырылған құбыр суына қол жеткізсе, 5,5% халқы ауыз суды орталықтандырылмаған ұңғымалардан, бұлақтардан, құдықтардан пайдаланады. Ал, 0,9 % тасымалданған ауыз суды, 0,5 % ашық су көздерінен тұтынады.  Әсіресе,  географиялық орналасуына байланысты ауыз су көздері тапшы Сарыағаш, Келес аудандарына қарасты  кейбір ауыл халқы  ашық су көздерінен пайдалануға мәжбүр.

                 Нормативтік талаптарға сәйкес, ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша  зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.                             

                  Қазіргі таңда Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары тарапынан 45 орталықтандырылған ауыз су құбырларына тексерулер жүргізілуде. Арыс, Кентау қалалары  мен Қазығұрт ауданының тексеру  нәтижелері  дайын болды. Нәтижесінде, мерзімдік  медициналық тексеруден толық өтпеген 9 азамат жұмыстан уақытша шеттетілген, және бұзушылықтар бойынша 1 лауазымды, 1 заңды тұлға, 1 жеке тұлғаларға айыппұл салынып, санитариялық ұйғарымдар берілген.                                            

                 Сонымен қатар мониторинг бойынша орталықтандырылған ауыз су көздерінен санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 895 ауыз су сынамасы тексеріліп, оның 11 сынамасы сәйкес келмеген. Ал   микробиологиялық көрсеткіштерін анықтау үшін алынған 1 171 судың, 15 сынамасы сәйкес келмеген.                                                                 

                Анықталған әрбір сынамалар үшін таладау жасалып,  ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында су жүйесіне жауапты мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілуде.