
2022 жылғы 01 қаңтар мен 2022 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау барысында 17 444 көлік құралы, соның ішінде – 4 231 теміржол, 6 278 - әуе және 6 935 су көліктері санитариялық тексерумен қамтылды.
Шекарадан өткен адамдарды тексеру барысында дене қызуы жоғары және жұқпалы ауруларға күдікті - 11 науқас анықталды, ауруханаға жатқызылғаны - 5.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» №21 қаулысына сәйкес келген 806 168 жолаушы санитариялық–карантиндік бақылаумен қамтылды, оның ішінде егу туралы паспорттарымен 171 167 жолаушы, ПТР анықтамаларымен 634 583 жолаушы, ПТР анықтамасыз - 418 жолаушы.
2022 жылғы 01 қаңтар мен 2022 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңде 40 адам өз еліне кері қайтарылды, оның ішінде 39 авиарейспен, 1 темір жол көлігімен (Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Азербайджан азаматтары).
Әуежай, темір жол, шекара және кеден қызметтерінің өкілдерімен, медицина қызметкерлерімен 104 семинар-кеңес өткізілді, коронавирустық және карантиндік инфекциялардың алдын алу бойынша 37 135 буклет, жадынамалар, парақшалар таратылды.
Қазақстан Республикасының аумағына аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында алыс және жақын шетелдерден келетін адамдарға міндетті түрде байланыссыз термометрия жүргізе отырып, күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудан өткені тексеру жалғасуда.