Алматы облысы: балалар киімінің 30 үлгісінің 80%-ы ТР талаптарына сәйкес келмеді

Алматы облысы: балалар киімінің 30 үлгісінің 80%-ы ТР талаптарына сәйкес келмеді

             Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ата-аналар арасында «Балалар киімін қалай таңдау керектігін білесіз бе?» тақырыбында сауалнама жүргізді.

             Сауалнаманың мақсаты - ата-аналар балалар киімін көбінесе қайда сатып алуды жөн көретінін, қандай критерийлер бойынша таңдайтынын, таңбалауына назар аударатынын анықтау.

             Сауалнамаға 26 мен 45 жас аралығындағы 40 респондент қатысты, отбасыларында балалар 14 жасқа дейін және одан кіші.

             «Сіз тауарды сатып алу кезінде таңбалауға назар аударасыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 67,5%-ы «Иә» деп жауап берді. Бұл ретте, сұралғандардың 62,5%-ы балалар киімін таңбалауға қандай талаптар қойылатынын білмейміз деп жауап берген. Респонденттердің 25%-ы бірінші кезекте өнімнің құрамына, 12,5% - қай елде шығарылғанына және 5%-ы өнімнің мөлшеріне назар аударатыны анықталды. Ата-аналардың пікірінше, балалар киімін сатып алу кезінде ең маңыздысы – бағасы, содан кейін материалдың құрамы, өндірілген елі және киім бренді.

             Сауалнама қорытындысы бойынша, ата-аналардың 45%-ы балалар киімін сауда орталықтарынан, 42,5%-ы базардан сатып алатыны анықталды, ал ата-аналардың 12,5%-ы интернет-дүкендер арқылы сауда жасағанды жөн көреді. Бұл ретте, респонденттердің 55%-ы сатып алған киімдерде тиісті таңбалауы болмайтынын атап өтті.

             Респонденттердің 67%-ы балалар киіміне оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар болуы тиіс екенін білмейді.

            «Сіздің балалар киімін таңбалауға қойылатын талаптармен танысқыңыз келеді ме?» - деп қойылған сұраққа респонденттердің тек 65%-ы «Иә» деп жауап берді. Сауалнама соңында ата-аналарға талаптар түсіндірілген парақшалар табыс етілді.

             Бұл сауалнама ата-аналардың балалар киімін таңдау бойынша білім деңгейінің жеткіліксіздігін, бұл ретте сапа мен қауіпсіздікке емес, бағаға басымдық берілетінін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, сауда объектілерінде сатылымда сәйкес келмейтін өнімдердің, соның ішінде балалар киімдерінің бар екені де рас. Бұны Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарымен жүргізіліп жатқан жұмысы да дәлелдейді.

             Анықтама үшін: 2022 жылдың 4 айында облыс бойынша балалар киімінің 30 сынамасы зертханалық сараптамадан өтіп, 80%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды, былтыр бұл көрсеткіш тек 77% болған. Сәйкес келмейтін өнімнің 100%-ы таңбалау талаптарына сай емес, бұл тауарлар Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Кореяда немесе белгісіз өндірушілермен өндірілген.

            Маңызды жайт, балалар киіміне оның техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация) болуы тиіс. Сондықтан сатушыдан осы құжаттарды талап етуге құқығыңыз бар. Болмаған жағдайда, тауарды сатып алудан аулақ болыңыз.

            Сіздің бұл іс-әрекетіңіз болашақта балалар киімін сатушылар мен өндірушілерді тәртіпке келтіруге көмектеседі және оларды балалар киімін өндіруге және сатуға қатысты заңнама талаптарын сақтауға мәжбүрлейтін болады. Осылайша, Сіз сатып алатын тауарыңыздың сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға болады!