Халықаралық балаларды қорғау күні: сыйлық таңдау кезінде санитариялық дәрігерлердің ұсыныстары

Халықаралық балаларды қорғау күні: сыйлық таңдау кезінде санитариялық дәрігерлердің ұсыныстары

             Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша жаздың бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі! Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық балаларды осындай керемет мерекемен құттықтай отырып, олардың дені сау, білімқұмар, мейірімді және бақытты болып өсуін тілейді.

             Бұл күні - балаларды жағымды сыйлықтармен, сонымен қатар ата-ана тарапынан жомарт назар аударып, ықыласпен қуантудың тамаша мүмкіндігі. Балаларға арналған сыйлықтар ерекше жауапкершілікпен таңдалады, олар әдемі болып қана қоймай, сонымен қатар берік, әрі қауіпсіз болуы керек, сондықтан оңтүстік мегаполистің санитариялық дәрігерлері ойыншықтардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алып, оларды таңдау кезінде ұсыныстармен бөлісті.

             Бүгінгі таңда балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігін бақылау - өнімнің қауіпсіздігін бақылау арқылы жүзеге асырылады және балаларға арналған өнімдерді анықтауға, алдын алуға және әкелуге, өндіруге, қолдануға және сату жолдарын бақылауға бағытталған.

            Ағымдағы жылдың бес айында зертханалық сараптамамен балаларға арналған 83 тауар, оның ішінде ойыншықтар – 49 қамтылды, нәтижесінде 44 үлгіде таңбалау бойынша сәйкессіздік анықталды. Олардың басым көпшілігі Қытайдан әкелінген ойыншықтар.

            «Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында балаларыңызға ойыншық сатып алу кезінде қауіптілігі ықтимал өнімдер туралы ескеру қажет.

Сонымен, балаға ойыншық таңдау барысында сапалы, әрі қауіпсіз өнімді алу үшін Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері келесіні ұсынады:

- балаларға арналған ойыншықтарды таңдағанда, өндірушінің нұсқауынсыз сатып алудан аулақ болу керек. Балалар ойыншығын сатып алмас бұрын, оның орамасы бар-жоғын тексеру керек, осылайша тасымалдау және сату кезінде ойыншықтың сыртқы ластанудан қорғалғанына сенімді боласыз;

- көбінесе өндірушілер қаптамада баланың назарын аудару үшін ерекше дизайн мен ашық түстерді пайдаланады. Алайда, ойыншықтың шеттері жарықсыз, тегіс және баланың нәзік терісіне жарақат әкелмейтіндей, өткір ұштары жоқ екеніне көз жеткізу керек;

- жарық түсті ойыншықтардан аулақ болыңыз, өйткені оны жасау барысында улы бояғыштар мен ауыр металдар қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, егер бояу қолға оңай жағылса немесе бояуы ұшып кетіп жатса, ойыншық сатып алуды қарастырмаған жөн;

- егер ойыншық иіс пен жағымсыз химиялық иіс шығарса, онда ол сапасыз материалдан жасалған. Ойыншықтарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз және заңсыз саудадан аулақ болыңыз.

             Жақсы, әрі сапалы сыйлық таңдау - сіздің балаңыздың қуанышының кепілі!