COVID-19 және басқа да жұқпалы ауруларға байланысты шекарадағы денсаулықты жақсарту туралы конференция

COVID-19 және басқа да жұқпалы ауруларға байланысты шекарадағы денсаулықты жақсарту туралы конференция

             Құрамында Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бар Қазақстан Республикасының делегациясы «COVID-19 және басқа да жұқпалы ауруларға байланысты Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан шекарасында денсаулық сақтауды жақсарту» өңірлік жобасы шеңберінде қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту үшін трансшекаралық ынтымақтастық пен коммуникацияны кеңейту мәселелері бойынша 2022 жылғы 27-28 мамыр аралығында Ташкент қаласында өткен өңірлік конференцияға қатысты.

              Конференция ұйымдастырушылары - Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ, БҰҰ көші-қон агенттігі) АҚШ-тың жұқпалы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары және  ДДҰ.

              Конференцияға Денсаулық сақтау, шекара және көші-қонға жауапты Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының мүдделі мемлекеттік органдары мен ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен АҚШ-тың инфекциялық ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының өңірлік басшылары мен сарапшылары қатысты.

             Конференцияда деректерді үйлестіру мен алмасудың тиімді моделі арқылы халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар (ХМСҚ) және басқа да платформалар шеңберінде Орталық Азия елдерінің қатысушылары арасында трансшекаралық үйлестіру және коммуникация мәселелеріне қатысты тақырыптар талқыланды. COVID-19 пандемиясы аймақта жұқпалы аурулардың таралуын бақылау үшін тиімді жауап беру шараларын ұйымдастыру үшін шешімдерді қажет ететін бірқатар мәселелерді анықтап берді. Осыған байланысты трансшекаралық ынтымақтастық және шекарада денсаулық сақтау саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ХМСҚ құқықтық негізін нығайтуға ерекше назар аудару ұсынылды. Аталған проблемалық мәселелерді шешу үшін конференция ұйымдастырушылары Орталық Азия елдері арасында ақпарат алмасу тетігін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды қамтитын Жол картасының жобасын (талқылау үшін) жасады.                                            
Конференция соңында қатысушылар бірлескен ұсынымдар жобасын мақұлдады.

            Аталған құжатта өткізілген екі күндік конференцияның қорытындысы бойынша қол жеткізілген бірлескен жұмыс нәтижелері, сондай-ақ шекарада қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту үшін ХМСҚ шеңберінде трансшекаралық үйлестіру мен коммуникацияны арттыру бойынша бірлескен қызметтің  бағыттары көрсетілген.