Ревакцинация науқаны туралы

Ревакцинация науқаны туралы

              Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде, соның арқасында облыс тұрғындары арасында тіркеліп жатқан жағдайлар жоқ және эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

             Облыста 2022 жылдың басынан бастап COVID-19-дың  9324 жағдайы (симптоммен – 7995, симптомсыз – 1329)  анықталды (қаңтар – 6426, ақпан – 2713, наурыз – 156, сәуір – 27).

              100 мың тұрғынға шаққанда  аурушаңдық көрсеткіші – 686,6 құрап отыр.

              Ал 1 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекцияның тек 2 жағдайы анықталды.

             Тұрғындар санымен шаққанда облыста КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту бойынша 100% орындалды.

             12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен емізетін аналар арасында Pfizer вакцинасының 1-компонентімен 109 214 адам егілсе  (91,5%), 2-компонентін 106 924 адам алған (89,6%).

             2022 жылғы 30 мамырдағы соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 685 013 (92,8%) коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Ревакцинация жүргізу коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді.

​             Облыс бойынша бүгінгі таңда келесі вакциналар қолжетімді: QazVac, Sinopharm, Pfizer.

             2022 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №25 қаулысы шықты.

​Осы қаулыға сәйкес келесі өзгертулер енгізілді:

- Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.

КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын  бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

- КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:

- медицина қызметкерлері;

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

- күш құрылымдарының қызметкерлері;

- педагогтар;

- пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

- 50 жастан асқан адамдар..

              Қаулы 2022 жылдың 25 мамырынан бастап күшіне енді.

              29 мамырдағы жағдай бойынша облыста  барлығы  406 адам 4-ші ревакцинациядан өтті, жоспар бойынша 34 289 адам өтуі қажет.

              Өркениетті елдер арасында қайта ревакцинациялау COVID-19 айналымындағы және жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ретінде танылды.

              Қазіргі уақытта КВИ-ға қарсы 4-ші ревакцинацияны келесі елдер жүргізеді: Нидерланд, Германия, Австрия, Австралия, Греция, Израиль, Италия, АҚШ, Польша, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Сауд Арабиясы, Бельгия, Венгрия, Малайзия, Испания, Сингапур, Португалия, Швеция, Оңтүстік Корея.

              ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету.