Иттің қабуы: құтырудың алғашқы белгілерінің көрінісі

Иттің қабуы: құтырудың алғашқы белгілерінің көрінісі

              Жыл сайын Қазақстан Республикасында адамдар арасында құтырма ауруы тіркеледі.

               Құтырма – бұл жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен көрінетін және барлық жағдайларда өлімге әкелетін өте қауіпті ауру. Құтырма ауруының қоздырғышы – сілекейімен вирус бөлетін ауру жабайы және үй жануарлары.

              Мұндай жағдай кез келген адамның басында болуы мүмкін, тіпті үлкен қалада тұру да ауру иттің немесе мысықтың шабуыл жасамайтындығына кепілдік бермейді.

              Сыртынан құтырмамен ауыратын жануарды сілекейі мен жасының көп бөлінуінен, себепсіз агрессивтілігінен тануға болады.

              Тістеген сәттен бастап құтырманың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін (судан қорқу, жарықтан қорқу, сілекейдің ағуы, құрысулар, қозу, агрессивтілік), (инкубация кезеңі) 10 күннен бір жылға дейін созылады. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы тістеген жердің орналасуына байланысты: тістеген жер неғұрлым басқа жақын болса, соғұрлым құтырма белгілері ертерек пайда болады. Әсіресе қолдың саусақтарын, аяқты, басты және бетті тістеген, тырнаған қауіпті!

               Мәселен, 2022 жылдың 25 мамырына елімізде құтырма ауруының өліммен аяқталған  1 жағдай (Түркістан) тіркелді.

               Құтырма ауруының себебі жануардың тістеуінен болған. Науқас симптомдар пайда болғаннан кейін ғана медициналық көмекке жүгінген.

               Жыл сайын республика бойынша 50 мыңнан астам адам жануарлардың тістеуіне байланысты медициналық көмекке жүгінеді, олардың 99%-ы профилактикалық вакцинация алады, 1%-ға дейін адамдар вакцинациядан бас тартады.

Жұқтыру жағдайларының алдын алу мақсатында біз тұрғындарға:

- үйсіз және белгісіз жануарлармен қарым-қатынас жасаудың қауіпті екені туралы балаларыңызбен сөйлесуді;

- дереу медициналық мекемеге хабарласуды ұсынамыз, өйткені зардап шеккен адамды құтырма ауруынан құтқарудың жалғыз жолы – бұл уақтылы вакцинациялау;

- үйсіз және белгісіз жануарларды ұстамау және балаларды осыған үйрету;

- жануарлардың мекендейтін жерлерінде оларды мазаламау;

- тамағын алып қоймау және ұстамау;

- жерге құлаған тәттілерді көтермеу;

- агрессия тудырмау үшін жануарды бұрышқа тықпау;

- үйдің иттері мен мысықтарын құтырмаға қарсы егіңіз, егер жануардың мінез-құлқында оғаштық болса, ветеринарға хабарлаңыз;

- көшеде үй жануарларының қарғыбауын қысқа және тұмылдырықпен  ұстау;

- үй жануарларымен арнайы бөлінген орындарда серуендеу;

- иттің қаңғыған жануарлармен қарым-қатынаста болуына жол бермеу.

Егер жануар тістеп алса (және сілекейлесе), онда тез арада мынадай шараларды орындау керек:

- ең алдымен тістеген және сілекейлеген жерді сабындап сумен жуыңыз;

- міндетті түрде медицина қызметкеріне тістеудің мән-жайын хабарлаңыз;

- егер жануар үй жануары болса, онда жануардың мекенжайын есте сақтап, медицина қызметкеріне хабарлаңыз. 

              Есіңізде болсын, уақтылы медициналық көмекке жүгіну және вакцинация жасау ғана құтырма ауруының алдын алады!

              Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!