
Балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуы олардың толыққанды дамуының негізгі факторларының бірі, бұл ата-аналар тарапынан үнемі бақылау мен қамқорлықты қажет етеді.
Павлодар облысында өткен оқу жылында 675 орта сынып оқушыларында тірек-қимыл аппараты мүшелерінің патологиясы анықталды. Олардың ішінде 351 оқушыда (немесе 52%) сколиоз анықталған. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде оқушылардың 53%-да тірек-қимыл аппаратының ұқсас бұзылыстары анықталды. Сырқаттанушылықтың үлес салмағы бастауыш сыныптар арасында 2020 жылы 9,2%-дан 2021 жылы 15,2%-ға дейін өскені байқалды. Алайда, жоғары сыныптарда сырқаттанушылықтың үлес салмағының төмендегенін атап айтқан жөн - 2020 жылы - 46,1% болса, 2021 жылы - 32,8%.
Баланың омыртқасы өте икемді келетіндіктен, қисық отырғанның салдарынан оңай деформацияланады, сондықтан ата-аналар балаға арналған жиһаз таңдау барысында мұқият болуы керек, баланың жиһазы олардың бойы мен дене пропорцияларына сәйкес келіп, үй тапсырмаларын, басқа да жұмыстарды орындау кезінде баланың отыру қалпын бақылау қажет.
Дене бітімінің қисық қалыптасудағы жиі кездесетін белгілеріне кеуде тұсындағы омыртқаның арта иілуі, омыртқаның артқа қарай қисаюы, бел тұсындағы омыртқаның иілуінің бұзылуы, сонымен қатар омыртқаның алға қарай қисаюы, омыртқаның бүйірде қисаюы кезінде сколиоздың пайда болуы жатады.
Қалыптың бұзылуының бастапқы сатыларында түзету гимнастикасы көмекке келеді, күрделі жағдайларда физиотерапия жаттығулары қажет. Сколиозды емдеудің негізгі әдісі - бұлшықет корсетін дамытатын гимнастика, ол арқаның бүйірге қисаюына жол бермейді.
Дене бітімі бұзылған барлық балалар ортопед-дәрігердің диспансерлік есебінде тұрып, терапияның барлық әдістерін, яғни массаж, жүзу, емдік дене шынықтыру, мануальді терапия, физиотерапия және консервативті емдеудің басқа да түрлерін қабылдауы керек.
Сондай-ақ, табанның жағдайына назар аударған жөн, өйткені оның бұзылуы дене бітімінің бұзылуына әкеледі. Әдетте, аяқтың қалыпты түрінде аяқ сыртқы бойлыққа сүйенеді, ал ішкі жағы жүрістің икемділігін туғызып, серіппе ретінде жұмыс істейді. Егер аяқтың тірек доғалары әлсіреген болса, онда барлық күш аяққа түсетін болады. Жалпақтабандылықта аяқтың тірек және амортизациялық қызметі бұзылады, оның қан айналымы нашарлайды, тек аяқта, балтыр бұлшықеттерінде ғана емес, сонымен қатар тізе буындарында, белде де ауырсыну пайда болады. Амортизациялық функцияның жоғалуынан секіру кезінде бас ауыруы мүмкін. Жалпақтабандылықты түзету үшін физиотерапия қажет. Есіңізде болсын, дененің дұрыс бітімі - бұл сіздің балаңыздың толыққанды дамуы!
Балаларыңыздың денсаулығына жіті көңіл бөліп, мамандардың ұсыныстарын ұстануға шақырамыз!