Шымкенттің 34 мыңнан астам жас тұрғыны сауықтыру лагерлерінде демалады

Шымкенттің 34 мыңнан астам жас тұрғыны сауықтыру лагерлерінде демалады

              Әр жылы балалардың жазғы демалысында қарқынды оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының жазғы сауықтыру орталықтарында демалуы ұйымдастырылады.

               Биыл Шымкент қаласында жазғы кезеңде 1600 баланы сауықтыру жоспарланған «Үш бұлақ» лагері жұмыс істейтін болады. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының 33296 баласы қала сыртындағы Түркістан облысының және еліміздің басқа өңірлеріндегі лагерлерде демалатын болады. Сондай-ақ, қаланың 130 мектебінде жазғы мектеп жанындағы лагерьлер ашылып, 151331 баланың бос уақыты тиімді ұйымдастырылады.

              Жазғы демалыс лагерінің жағдайлары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 03.04.2018 жылғы №146 бұйрығымен  бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерімен регламенттелген санитариялық-гигиеналық талаптарына сәйкес болса, балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысы тиімді өтеді. Маусымдық жазғы балаларды сауықтыру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларда нысанның санитариялық ережелерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болуы міндетті.           

            Санитариялық ережелерде лагерь аумағында зақымданбаған қоршаудың болу керектігі көрсетілген. Сонымен қатар, объектілерде тұрмыстық ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, канализация, жарықтандыру, желдету және басқа да жүйелермен жақсы жағдайда қамтамасыз етілуі тиіс. Барлық үй-жайлар таза болуы керек, жуғыш және дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалау жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен қатар, дератизация және дезинсекция шаралары жүргізілуі қажет. Жәндіктердің, кенелердің, кеміргіштердің болуына жол берілмейді. Объектілердің жиһаздары мен жабдықтары балалардың бойы мен жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.           

             Жазғы сауықтыру орнында нысан басшысымен бекітілген перспективті мәзір жасалады.           

             Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады. Сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған өнімдер, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, тәтті алкогольсіз сусындар, фастфудтарды өндіруге және сатуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, пастерленбеген сүт, термиялық өңдеуден өтбеген сүзбе және қаймақ, йодталмаған тұз және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнды пайдалануға рұқсат етілмейді.             

             Нысанның жауапты тұлғалары қоғамдық тамақтандыру пунктіне қабылданған өнімнің сапасын, өнімді сақтау жағдайларын және мерзімдерінің сақталуын, тәуліктік үлгіні таңдау мен сақтаудың дұрыстығын, тағам дайындау технологиясының сақталуын, жеке қызметкерлер мен асхана кезекшілерінің гигиеналық ережелерді сақтауын тексереді. Дайын тағамды беру медициналық қызметкердің дайын тағамдар сапасына органолептикалық бағалау жүргізуінен кейін жүзеге асырылады. Күн сайын ас блогында дайын өнімнің тәуліктік сынамасы алынады.                    

            Медицина қызметкерлері балалардың аурушаңдығын азайтуға және денсаулығын жақсартуға бағытталған сауықтыру шараларының кешенді жоспарын жасайды, үй-жайлардың, аумақтардың, суға түсу және спортпен айналысу орындарының дайындығын тексереді, сонымен қатар балалардың денсаулығын динамикалық бақылауды жүзеге асырып, шынықтыру, сауықтыру жұмыстарын жүргізеді, қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеруден уақытылы өтуін қадағалайды. Барлық қызметкерлердің жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болуы міндетті.           

            Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы барлық қажетті талаптарды сақтау аурулардың алдын алуға, балалардың физикалық және психикалық дамуына ықпал етеді, дені сау ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасайды. Балалардың денсаулығы дұрыс тамақтанумен, сапалы ұйқымен, дене шынықтыру және дұрыс ұйымдастырылған күнделікті тәртіппен тікелей байланысты.