
Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерімен ағымдағы жылдың басынан бері ауызсудың микробиологиялық көрсеткіштеріне 221 сынама зерттелді, оның ішінде 17 сынама гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 220 сынама зерттелінді, сәйкессіздіктер 10 сынамада анықталды.
Санитариялық-профилактикалық шаралар жасалынып, қайта алынған зертханалық зерттеулерден кейін ауызсудың сынамалары гигиеналық нормативтерге сай болып шықты.
Тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі шарты – ауызсудың сапасы мен қауіпсіздігі, яғни микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкестігі.
Халыққа берілетін ауызсу сапасына бақылау сумен жабдықтау объектілерінде өндірістік бақылау ретінде және сонымен қатар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-гигиеналық мониторинг арқылы қамтамасыз етіледі.
Су тасқыны кезеңінде ауызсудың қауіпсіздігіне ерекше бақылау жүргізіледі, бұл ауызсу сапасының уақытша маусымдық нашарлауының алдын алады.
Сумен қамтамасыз етуге жауапты ұйымдар су тасқыны кезеңінде ауызсудың микробтық ластану қаупін төмендету бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Облыс аумағында тұрғындар арасында су факторына байланысты инфекциялық аурулар тіркелген жоқ.