
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2022 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары шеңберінде Түркістан қаласының Халықаралық әуежайында Түркістан қаласына келетін жолаушылар арасында коронавирустық инфекцияға күдікті науқас анықталған кезде ведомствоаралық қызметтердің іс-қимыл алгоритмін пысықтау бойынша жаттығу өткізілді.
Бұл Түркістан қаласының санитариялық-карантиндік пунктінің мамандары 2021 жылы құрылған күннен бастап өткізген алғашқы жаттығу. Бүгінгі таңда Түркістан Халықаралық әуежайынан Түркияға (Ыстамбұл қ.) тұрақты рейстер жүзеге асырылуда.
Аталған оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеті қызметтердің дайындығын тексеру және санитариялық-карантиндік, шекаралық, кедендік қызметтердің, желілік полицияның бөлімінің, Түркістан облысының медициналық мекемелерінің және әуежай қызметтерінің бірлескен іс-шараларын өткізу тиімділігін бағалау болып табылады.
Оқу жаттығу шындыққа барынша жақын жағдайларда жүргізілді. Оқу жаттығу барысында Түркістан облысының медициналық мекемелерінің науқасты емдеуге жатқызу, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материал алу, науқасты және науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау, шектеу және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша бірлескен өзара іс-қимылы пысықталды. Инфекцияның шартты ошағында республика аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық препараттарды қолдана отырып, қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Өзара іс-қимыл схемасы мен алгоритмге сәйкес Түркістан қаласы Халықаралық әуежайының жерүсті қызметтерінің коронавирустық инфекция ошағын оқшаулауға және оның келу пунктінде одан әрі таралуын болдырмауға бағытталған іс-қимылдары пысықталды.
Өткізілген бірлескен іс-шараның қорытындысы бойынша жыл сайынғы негізде эпидемиологиялық өзектілігі бар карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша жаттығу оқуларын өткізу туралы шешім қабылданды.