Алматы облысында тамақ өнімдерінің 12%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді

Алматы облысында тамақ өнімдерінің 12%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді

              Ағымдағы жылдың 4 айында мониторинг шеңберінде Алматы облысының сауда объектілерінде 550-ден астам тамақ өнімдерінің сынамалары сатып алынды.

              Сараптама нәтижелері бойынша зерттелетін тамақ өнімдерінің 12%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкес келмейтін сынамалардың ең көп пайызы басқа елдерден келген: Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, ҚХР, белгісіз өндірушілер әкелінетін өнімдер.

               Талдау көрсеткендей, тамақ өнімдерінің сәйкес келмейтін сынамаларының жалпы санының 27%-ы сүт және сүт өнімдеріне, құс еті мен құс өнімдеріне - 20%, ет және балық өнімдеріне - 19%-дан, кондитерлік, аспаздық және нан-тоқаш өнімдеріне - 3%-дан, тамақ өнімдерінің қалған түрлеріне - 1%-дан 2%-ға дейін келеді.

               Мониторинг нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің атына бұзушылықтарды жою туралы 52 ұйғарым жолданды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде шаруашылық жүргізуші субъектілер техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін 85 кг тамақ өнімдерін сауда айналымнан алып, жеткізушілерге қайтарды.

               Анықталған сәйкессіздіктердің 92%-ы таңбалаудың бұзылуына келеді, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша - 6%, жарамдылық мерзімі өткен өнімдерге - 3%, физика-химиялық көрсеткіштер бойынша -1%-ы сәйкес келмеген. Таңбалаудың негізгі бұзушылықтары: мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, өндірушінің атауы немесе оның орналасқан жері, өндірілген күні немесе жарамдылық мерзімі және т. б. ақпарат көрсетілмеген.

              Осыған орай, тамақ өнімдерін таңдағанда тұтынушыларды ең алдымен таңбалауға назар аударуын сұраймыз.Таңбалауда міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі мәліметтер болуы тиіс: тамақ өнімінің атауы, құрамы, саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, тамақ өнімдерін дайындаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, импорттаушы ұйымның атауы мен орналасқан жері, пайдалану жөніндегі ұсынымдар және шектеулер, тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері, ГМО-ның болуы туралы мәліметтер, ЕАС белгісі.