Қарағанды облысы тұрғындары арасында бруцеллезді жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді

Қарағанды облысы тұрғындары арасында бруцеллезді жұқтырудың 5  жағдайы тіркелді

              Ағымдағы жылы Қарағанды облысы тұрғындары арасында бруцеллездің 5 алғаш анықталған оқиғасы тіркеліп, 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4 жағдайға өскендік байқалады.

               Бруцеллез оқиғалары Шахтинск, Теміртау қалалары, Абай ауданында тіркелген.

               Аурудың өсуіне Шет, Бұқар жырау, Абай, Ақтоғай және Осакаров аудандарында адамдар үшін бруцеллез қоздырғышының негізгі көздері болып табылатын ірі қара және ұсақ мал арасында бруцеллездің анықталған 391 жаңа эпизоотиялық ошақтары орын алды.

               Эпидемиологиялық тексеру барысында адамдардың бруцеллезді жұқтыру көзі 66,6% сүт және сүт өнімдерін термиялық өңдеусіз тамаққа пайдалану және оларды жеке тұлғалардан сатып алуынан анықталса, 33,3% жағдайда жеке шаруа қожалығында, жекеменшік мал иелерінде ауылшаруашылық малдарын күту кезінде санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидаларды бұзу, малдарының уақтылы зертханалық тексеруден өткізбей отырғандығы  анықталды.

             Сыртқы ортадан алынған сынамаларда бруцеллездің қоздырғыштары 7,8% сүт өнімдерінде, 1,1% қида, 2,2% пішенде, 1,1% жүнде анықталды.

              Бұл анықталған оң нәтижелер микробтардың сыртқы ортаға таралуын көрсетеді және өз кезегінде бұл инфекцияның берілу факторлары болуы мүмкін.

              Бруцеллез қауіпті, өйткені көп жағдайда ауырған адамдарда инфекцияның созылмалы түрін дамытады, егер медициналық көмекке уақытылы қаралмаса және емделмесе мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл аурудың ерекшелігі - инфекциядан кейін адамда аурудың өткір кезеңі болмауы мүмкін және клиника бірнеше айдан, тіпті бірнеше жылдан кейін пайда болады.

Тұрғындар арасында бруцеллезді жұқтырудың алдын алу мақсатында:

- сүт және сүт өнімдерін тек ветеринарлық бақылау бар дүкендерде немесе базарларда сатып алу;

- жануарлардан алынатын өнімдерді термиялық өңдеу - етті мұқият қуыру, сүтті қайнату;

- ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, күту, бағу кезінде, әсіресе ауру жануарлармен байланыста болған кезде жеке басы гигиенасын сақтау, қолды сабынмен мұқият жуу, қорғаныс құралдарын (қолғаптарды) пайдалану;

- жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет.

                Егер Сіз, ауыл шаруашылығы жануарларында аурудың қандай да бір белгілерін байқасаңыз, дереу ветеринариялық қызметтің көмегіне жүгінуіңіз керек, ал өзіңізде немесе жақындарыңызда бруцеллезге тән клиникалық белгілер пайда болған жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгінуіңіз керек!