Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

              Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары ай сайын сауда объектілерінде сатылатын өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді.

               Үстіміздегі жылдың 4 айында өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде облыстың сауда объектілерінен тамақ өнімдерінің 744 үлгісі іріктеліп, сатып алынып, зерттелді (229- отандық өндіруші, 465- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер, 50- басқа елдерден). Оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін 72 сынама немесе 9,7% болды (отандық өндірушілердің өнімдері-20, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер-48, басқа ел өнімдері- 4 сынама).

                 Сәйкес келмейтін өнім түрлері: таңбалау бойынша -55 сынама (76,4%), микробиологиялық көрсеткіштерге- 10 сынама (13,9%), физико-химиялық көрсеткіштерге- 9 сынама (12,5%), қауіпсіздік көрсеткіштеріне -1 сынама (1,3%) сәйкес келмеді.

                 Тағам өнімдерінің көбісі өндірушілердің таңбалау ережелерін бұзуы болды. Неғұрлым сапасыз өнімдер ол сүт және сүт өнімдеріне тиесілі, барлығы 93 сынама зерттелді, оның ішінде 12 сынама немесе 16,7% сәйкес келмеді,  балық және балық өнімдері-36, оның ішінде сәйкес келмегені 11 немесе 15,3%, одан әрі құс және құс өнімдері 46 сынама, сәйкес келмейтіні 10 немесе 13,8%, ет өнімдері 92 сынама зерттелді, олардың ішінде 8 немесе 11,1% сәйкес келмеді, 82 кондитерлік өнімдердің ішінде 3 сынама КО ТР талаптарына сәйкес келмеді немесе 4,2%.

                  Ағымдағы жылдың 4 айында өнім мониторингісі шеңберінде 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, бұзушылықтарды жою туралы 38 ұйғарым берілді, 12 кг-нан астам сәйкес келмейтін тамақ өнімдері сатудан алынып тасталды. Кәсіпкерлік субъектілеріне 183 780 теңге сомасына 4 айыппұл салынды.

Тұтынушылардың есіне!

Өнімдерді сатып аларды міндетті түрде олардың таңбалануына қараңыз! Тез бұзылатын тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен олардың сөрелерде сақталу жағдайына міндетті түрде қарауыңыз керектігін ескертеміз.