Ақмола облысында құтыру ауруы тіркелмеген

Ақмола облысында құтыру ауруы тіркелмеген

              Ағымдағы жылдың басынан бері Ақмола облысында жануарлардың тістеуінен зардап шеккен 269 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар-62.

              Көптеген жағдайлар иттердің қабуынан 208, мысықтың тістеуінен -55, жабайы жануарлардың тістеуінен 6 адам зардап шеккендігі тіркелді.

              Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жануарлар тістеп алған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, сіреспе мен құтырмаға қарсы екпе алу, сондай-ақ антирабиялық егудің толық курсын сақтау маңызды екенін еске салады, өйткені вакцинация аса қауіпті инфекциялардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

              Осылайша, медициналық көмекке жүгінгендердің ішінен 269 адамға екпе алу тағайындалды, 256 екпе алды, оның ішінде антирабиялық вакцина – 163, иммуноглобулин + антирабиялық вакцина – 93 адам алды.  12 адам жеке сенімі бойынша вакцинациядан бас тартты, клиникалық көрсеткіштер бойынша 1 адамға антирабиялық вакцинация курсы тағайындалмады.

             Естеріңізге сала кетейік, құтыру ауруы ауру жануарлардың шағуы, тырналуы, сілекейі арқылы, сондай-ақ жұқтырған сілекеймен ластанған заттармен байланыста болған кезде пайда болады.

              Жануарлардың тістеуінен зардап шеккендер құтыру ауруының қоздырғышы аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 10 күн бұрын ауру жануардың сілекейінде болуы мүмкін екенін білуі керек.

              2021 жылы және ағымдағы жылдың 4 айында облыс аумағында құтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы, адамдардың құтыру ауруымен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ.

              Құтыру ауруының соңғы жағдайы 2017 жылдың қазан айында Целиноград ауданында тіркелген.