
Улы балықтардың қатарына жатқызуға болатын түрлері көп емес. Жеуге жарамды балықтардың көп мөлшері улы қасиеттерге уақытша, мерзімді ие болады. Бұл олардың уылдырықтау циклімен тығыз байланысты. Уылдырық шашу кезінде балықтар ағзасының физиологиялық үрдісі едәуір өзгеріске ұшырайды, аса белсенді биогендік заттар пайда болады және олар кейбір жағдайларда балықпен улануларға себеп болады.
Әдетте, балық ағзасының барлық мүшелері улы қасиеттерге ие болмайтынын атап өту қажет. Ең улысы қаны, бауыры және әсіресе уылдырығы мен балық шоғалы.
Маринка (Schizothorax arqentatus, Schizothorax oxiqensis) тұқымдастығына жатады, Ыстық көл мен Балқаш көлдері және осы көлдерге келіп құятын өзендерде мекен етеді. Тұрғылықты халықтар маринканың басын, ішкі қара қабыршағын, ішек қарнын алып тастастаған жағдайда жеуге жарамды балық деп есептейді. Ішкі қара қабыршағы улы қасиеттерге ие емес, тек оның уылдырығы мен балық шоғалы улы. Улағыштың химиялық жаратылысы анықталмаған. Улағыш өте төзімді. Қайнату, тұздау және ыстау улағышқа әсер етпейді. Балықтан уылдырық пен ішкі қара қабыршақты алып тастау әрдайым улануды алдын алудың сенімді құралы болып саналмайды. Ауланған балықта ішек-қарнын азды-көпті ұзақ уақытқа қалдырып кету улағыш токсиндердің балықтың бұлшық етіне өтуіне әкеліп соғады. Тамаққа пайдаланар алдында ішкі қабыршағымен қоса ішек-қарнын алып тастағандығына қарамастан тұздалған маринкадан улану осы жағдаймен түсіндіріледі.
Клиникалық белгілері: Улану көріністері тамаққа уылдырықты немесе уылдырығы мен балық шоғалы алынбаған балықты пайдаланғаннан кейін 2-4 сағат арасында көрінеді. Лоқсу мен қатты іш өту пайда болады, кейде қан аралас, жүрек жұмысы төмендейді және ауыр жағдайларда есінен танып қалады. Жеңіл жағдайларда жіті құбылыстар 2-4 күн аралығында өтіп кетеді, бірақ түбегейлі сауығу бірнеше аптадан соң болады. Сонымен қоса қазалы жағдайларда орын алады.
Алдын алу шаралары балықты аулағаннан кейін тез арада тамаққа пайдалану және қайта өңдеу алдында оны мұқият уылдырығынан, балық шолағынан және ішек-қарнын тазалау қажеттілігінен тұрады.