
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі жүргізген мониторинг нәтижесінде 33 сауда нысанында түрлі өнімдерден 220 сынама алынды, соның ішінде азық-түлікке жататын өнімдерден 144 сынама (65 %) және азық-түлік емес тауарлар түрлерінен 76 сынама (35%) алынды.
Жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінде Кеден (Еуразиялық экономикалық) Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін 44 сынама анықталды, оның ішінде тамақ өнімдерінен 17, азық-түлік емес тауарларға жататын өнімдерден 27 сынама. Сәйкессіздіктердің үлесі 20% - ды көрсетті.
Сапасыз деп танылған тауарлардың ішінде 5 сынама Қазақстанда , 14 –і ЕАЭО елдерінде және 25 сынама басқа мемлекеттерде өндірілгені анықталды.
Талапқа сәйкес келмеген сынамаларда 46 бұзушылық анықталды, атап айтқанда таңбалау бойынша - 39, помикробиологиялық көрсеткіштер бойынша -1, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша, яғни жарамдылық мерзімі өткен өнімдерден 4 сынама анықталды, шыны жуатын сұйықтықтардағы метанол концентрациясының көп болуы 2 сынама белгіленді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне аталған бұзушылықтарды жою жөнінде 18 ұйғарым берілді. Сатылымнан жалпы сомасы 31 мың теңгеден асатын 26,8 кг өнім алынды. 46 мың теңгеге айыппұл салынды.
Кеден Одағының «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 034/2013 және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 021/2011 техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес, ысталған-пісірілген және ысталған-қуырылған ет өнімдеріндегі мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроағзалардың саны 1*10^3 КОЕ/г аспауы керек, ал сульфитредуциялайтын клостридияларға өнім массасында 0,1 г/см^3 рұқсат етілмейді.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша тамақ өнімдерінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін 1 сынама анықталды.
Құрамында еті бар, салқындатылған, вакуумды қаптамадағы жартылай ысталған өнімде партия нөмірі көрсетілмеген, Тараз қаласында өндірілген, сынамада мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроағзалардың жоғары көрсеткіші анықталды, ол 2х10^5 КОЕ/г көрсетті, қалыпты нормасы 1х10^3 КОЕ/г, сульфитредуциялайтын клостридиялар өнімнің массасында 0,1% г / см^3 артық рұқсат етілмейді.
Сапасы төмен өніммен тамақтану улануға әкелуі мүмкін, өйткені ішек таяқшалары әртүрлі токсиндерді бөледі, олардың әрқайсысы ағзаға белгілі бір әсерін тигізеді. Еске салайық, ішек таяқшасымен тамақтан уланудың негізгі белгілеріне іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іштің өтуі жатады.