Мамыр мерекелерінен кейін 80-ге жуық астаналық кене шағумен жүгінді

Мамыр мерекелерінен кейін 80-ге жуық астаналық кене шағумен жүгінді

               Саяжай маусымның ашылуы мен өткен мамыр мерекелері елорданың кейбір тұрғындары үшін жағымсыз салдарға әкелді. Биыл мамыр айының алғашқы екі аптасында 76 астаналық кене шағудан дәрігердің көмегіне жүгінді.

                Қыстан кейін ашығып, тамақ қажет ететін кенелер, әсіресе көктемнің бас кезінде белсенді және агрессивті болады. Сондықтан мамыр мен маусым айлары кенелердің көбейетін маусымы болып саналады. Мәселен, елордада 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде (29 наурыздан 16 мамырға дейін) кенеден зардап шеккен 109 адам тіркелген, оның ішінде 44 - і-14 жасқа дейінгі балалар. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 жағдайға (81) көп.

               Көрсеткіштердің мұндай жоғары болуының себебі ауа-райының жылынуымен және халықтың белсенділігімен байланысты. Соңғы екі жылда COVID-19 бойынша карантиндік шектеулер болып, сәйкесінше адамдар қозғалысы шектелген болатын.  Қазір шектеулердің жеңілдетілуіне орай мамыр айының соңғы мерекелеріндегі адамдардың белсенділігі өз нәтижесін берді.

               Кенелердің шабуыл жасау факторлары бойынша Ақмола облысы – Бурабай, Зеренді, Қосшы, Қоянды, Максимовка, Жібек-жолы және елордадағы тұрғылықты аумағы бойынша, Вячеслав су қоймасы, Ботаникалық бақ және т. б. сияқты аудандарға табиғатқа шығу кезінде оқиғалардың ең көп саны байқалады.

               Кенелер өздерінің шағуымен қауіпті емес, бірақ олар әртүрлі жануарлардан қан сору арқылы, бойына микробтарды жинайды. Содан кейін бұл микробтар жәбірленушінің қанына тасымалданады. Кенелер жұқтыратын аурулардың ішінде ең танымал түрлері кене энцефалиті, геморрагиялық қызба және Лайма ауруы немесе боррелиоз жатады.

               Осыған байланысты, елордалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті орманда және табиғат аясында кенелерден қорғану үшін (қалалық саябақта да болуы мүмкін) арнайы репелленттерді пайдалануды және жабық, тығыз бекітілген шалбар, жоғары аяқ киім сияқты киім формасын ойластыруды ұсынады. Сонымен қатар, пикникке шықпас бұрын кенеге қарсы аэрозольдер сатып алу туралы ұмытпаңыз. Табиғат аясында болған кезде өзіңізді және балаларыңызды әр 15-20 минут сайын тексеріп отыруыңыз керек. Үйге кірер алдында үстіңізді мұқият тексеру қажет. Кенелер тек сіздің ғана үстіңізде емес сонымен қатар заттарда (сөмке, рюкзак), гүлдерде (немесе басқа да жұлынған өсімдіктерде), үй жануарларында да болуы мүмкін.

              Кене шаққан жағдайда мүмкіндігінше тез алып тастау керек, себебі боррелиозды жұқтыру қаупі шаққан уақытына тікелей байланысты. Жәндіктерді жою үшін травпункт орталығына хабарласқан дұрыс, алайда кенеден өзіңіз де құтыла аласыз. Ол үшін кенені пинцетке оратылған  жұмсақ губкамен алып тастау керек, қабынудың одан әрі алдын алу үшін кененің денесін басынан жұлып алмауға тырысыңыз.

               Егер кене  энцефалит бойынша эндемиялық аймақтарда  шаққан  болса және адам вакцинация алмаса, онда  дәрігер көрсетілімдері бойынша иммуноглобулинді енгізетін жақын маңдағы жарақат пунктіне бару керек. Препаратты мүмкіндігінше ертерек, яғни шаққаннан кейін максимум 72 сағаттан кейін, тым болмағанда 24-48 сағат ішінде енгізу керек.

Анықтама үшін: табиғи аумақтарда кене энцефалитінің ошақтары болып табылатын аймақтар тізімі:

Алматы облысы:

- Талғар ауданы

- Еңбекшіқазақ ауданы

- Қарасай ауданы

- Райымбек ауданы

- Алакөл ауданы,

- Ақсу ауданы

- Сарқан ауданы

- Кербұлақ ауданы

- Ескелді ауданы

- Ұйғыр ауданы

- Талдықорған, Текелі қалаларының айналасы.

Шығыс-Қазақстан облысы:

- Глубокое ауданы

- Зырян ауданы

- Катонқарағай ауданы

- Көкпекті ауданы

- Ұлан ауданы

- Шемонаиха ауданы

- Өскемен, Риддер қалаларының айналасы.

Алматы қаласы (төңірегі).

Ақмола облысы:

- Сандықтау ауданы.

                Елорда кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймаққа жатпайтындықтан, профилактикалық вакцинация жүргізілмейді. Алайда, кене энцефалиті, Лайм ауруы (кене боррелиозы) бойынша тұрақсыз өңірлерден келгендер арасында аурулар тіркелген жағдайда елордалық инфекциялық стационарлары кене энцефалитіне қарсы иммуноглабуллинді енгізу мәселелерін шешетін болады.