Алматы қаласында ЖРВИ сырқаттанушылығы 32%-ға төмендеді

Алматы қаласында ЖРВИ сырқаттанушылығы 32%-ға төмендеді

               Алматы қаласында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың өткен 19 аптасында ЖРВИ-дің 2 384 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 117,17 құрады, бұл өткен аптадағы көрсеткіштен 30,1% - ға төмен және өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 32,7% - ға төмен. Мегаполисте ЖРВИ-мен ауыру негізінен 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген, олардың үлес салмағы 72,0% - ды құрады .

               Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) - тұмау вирустарынан, түрлі респираторлық вирустардан-парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиальды вирустардан туындайтын, ауа-тамшы механизмімен берілетін және тыныс алу жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен қатар жүретін аурулардың жоғары контагиозды тобы.

              Инфекция ауа тамшыларымен жұғады: жөтелгенде, түшкіргенде, қарым-қатынаста, сондай-ақ байланыс арқылы: жалпы ыдыс-аяқтарды, сүлгілерді, жуылмаған қолдар арқылы қолданған кезде.

              Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап 2021 жылғы 1 қазан айынан 2022 жылғы 11 мамырға дейін барлығы 192 890 ЖРВИ жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 9480,23 құрады , бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,6% - ға жоғары. Аурушаңдық 59,2% балалар тұрғындарына байланысты.

              Сонымен қатар, ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері қалада А/H3N2 типті тұмау вирусы айналуда, сонымен қатар басқа да ЖРВИ вирустары, мысалы: РС вирусы, аденовирус, риновирус және маусымдық коронавирус айналымда. Жалпы тұмаумен сырқаттанушылықтың 51 жағдайы тіркелді, барлық науқастар ем алды.

Осыған байланысты, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті аурудың өсуі кезеңінде қала тұрғындарын ЖРВИ, тұмауға қарсы спецификалық емес алдын алудың жалпы шараларын сақтауға шақырады:

- ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен жанасудан аулақ болыңыз, егер сырқаттанған адаммен байланысқа түскен болсаңыз, онда маска киіп, оксолин майын қолданыңыз;

- ауруға шалдыққан жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдеумен айналыспау, медицина қызметкерін шақырып, отбасы ортасында немесе ұжымда болған кезде маска кию, дәрігердің тағайындауы бойынша ем алу қажет;

- түшкіру және жөтел кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, шарфпен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;

- иммундық жүйені арттыру: С витаминін және дәрігердің ұсынысы бойынша басқа дәрі-дәрімектерді қолдану;

- қашықтықты сақтау, көп адам жиналған іс-шараларға қатысуды қысқарту, әсіресе ЖРВИ, тұмау ауруының көтерілуі кезеңінде, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізумен желдету;

- ауру балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу.

              Осы қарапайым ережелерді сақтау тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алуғакөмектеседі