Қарағанды облысының санитарлық дәрігерлері жаз маусымы алдында ескертеді: ішек инфекцияларының өсуі тіркелуде

Қарағанды облысының санитарлық дәрігерлері жаз маусымы алдында ескертеді: ішек инфекцияларының өсуі тіркелуде

               Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жедел ішек инфекцияларының 328 жағдайы тіркелді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 1,38 есеге өсуі байқалады.

               Жасына және жынысына қарамастан ішек инфекцияларына сезімталдық жалпыға ортақ, бірақ 14 жасқа дейінгі балалар (ауырғандар санының 96,0% құрайды), егде жастағы адамдар, асқазан және ішек аурулары бар адамдар жиі ауырады.

               Ауру көзі - ішек инфекциясы бар науқас адам, сондай-ақ ауру белгісі жоқ тасымалдаушы. Науқастар қоздырғыштарды қоршаған ортаға нәжіспен, құсу массасымен шығарады.

               Инфекция сумен, тамақпен, лас қолмен жұғады, микробтар асқазан мен ішекке еніп, токсиндерді белсенді түрде көбейтіп, босата бастайды.  Жедел ішек инфекциясының қоздырғыштарының көпшілігі сыртқы ортада тұрақты және ұзақ уақыт бойына өзінің инфекциялық қасиеттерін сақтайды.

               Инкубациялық кезең (қоздырғыш түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін) 6 сағаттан 2 күнге дейін, сирек 7 күнге дейін созылады.

               Инкубациялық кезеңнің соңында науқастарда дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, дегидратацияның дамуы және балалар мен қарттарда ауыр ағыммен жиі нәжіс пайда болады.

               Балалар тобында ішек инфекциясынан кейін асқынулар болуы мүмкін, мысалы, ұйқы безінің, өт жолдарының бұзылуы, ішек дисбактериозы, функционалды диспепсия орын алуы мүмкін.

               Инфекциядан кейінгі тммунитет тұрақсыз.

               Көптеген адамдар үшін сұйық нәжістің пайда болуы дәрігерге баруға себеп емес екені жасырын емес. Дегенмен, бір қарағанда қарапайым ішек инфекциясы ұзақ мерзімді еңбекке қабілеттілігінен айырумен, ал балаларда өлімге дейін ауыр асқынуларға әкелуі әбден мүмкін.

Медициналық көмекке келесі жағдайларда:

- балалар жасы (3 жасқа дейін) және баланың мектепке дейінгі жасы;

- жасы үлкен (65 жастан жоғары);

- ересек адамда тәулігіне 5 реттен артық жиі сұйық нәжіс;

- бірнеше рет құсу;

- диареямен және құсумен қатар жүретін жоғары температура;

- нәжісте қанның болуы;

- айқын әлсіздік және шөлдеу;

- қатар жүретін созылмалы аурулар болса дереу жүгіну қажет.

Жедел ішек инфекциясының алдын-алу келесі іс-шаралардан тұрады, олар:

- жеке басы гигиена ережелерін сақтау;

- қайнатылған, бөтелкедегі суды пайдалану;

– көкөністерді, жемістерді ағынды сумен, ал жас балалар үшін - қайнатылған сумен жуу;

- жарамдылық мерзімі мен құрамы бойынша қауіпсіз өнімдерді таңдау, тұтынар алдында тамақты мұқият термиялық өңдеу;

- тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта қысқа мерзімде, ал шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау;

- қоқыстың жиналуын болдырмау;

- үйде, дәретханада және ванна бөлмесінде тазалықты сақтау.

             Алдын алу шараларын сақтау Сізге және Сіздің жақындарыңызға жедел ішек инфекциясын болдырмауға көмектеседі.