
Демалыс және жазғы демалыс маусымы басталады. Ересектер мен балалар теміржол, әуе көлігімен демалуға барады, онда жеке гигиена ережелерін ерекше сақтау қажет. Көбінесе, дайын өнімдер мен сусындар өзімен бірге жолда тұтыну үшін алынады, осыған байланысты жедел ішек инфекциясы қаупі бар.
Жіті ішек инфекциял – бұл патогенді және шартты−патогенді бактериялар, вирустар тудыратын және асқазан−ішек жолының зақымдалуымен сипатталатын инфекциялық ауру болып табылады.
Жедел ішек инфекциясы жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін. Жазда, ыстық ауа-райында, жеке гигиена ережелерін сақтамаған кезде вирустар, бактериялар белсендіріледі, осылайша адам ағзасына оңай әсер етеді.
Аурудың берілу жолдары: тамақ, су және тұрмыстық байланыс арқылы. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін.
Аурудың берілу факторлары − тамақ, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар болып табылады.
Инфекция көзі − науқас адам немесе ішек инфекциясы қоздырғыштарының тасымалдаушысы.
Аурудың алғашқы белгілері: тәбеттің болмауы, іштің жиі ауыруы, құсу, іш өту, дене температурасының көтеріліуі, шөлдеу, бас ауруы, жалпы әлсіздік, мазасыздық. Олар пайда болған кезде міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек.
Ішек инфекциясының алдын-алу шаралары:
- жеке гигиена ережелерін сақтау, тамақтану алдында және дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
- ішу үшін қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
- жемістер мен көкөністерді жемес бұрын оларды ағынды сумен мұқият жуу;
- термиялық өңдеуден өткен өнімдерді тамаққа пайдалану;
- тез бұзылатын тамақ өнімдерін тоңазытқышта сақтау;
- жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдаланбау.
Дайын өнімдерді стихиялық сауда орындарынан сатып алмау керек, өйткені бұл жұқпалы аурулар мен тамақтан улану қаупін тудырады.
Демалыс және туристік сапарлар кезінде, барлық азаматтарды өздерін және туыстарын қорғауға, жеке гигиенаны сақтауға, тамақ өнімдерін дұрыс сақтап, оларды тек сауда үшін арналған жерлерде сатып алуға шақырамыз.