Қостанай облысында қауіпті өнім сатылымнан алынды

Қостанай облысында қауіпті өнім сатылымнан алынды

              Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды өткізу сатысында сынамаларды іріктеу арқылы өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді.

              Тексеру нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 4 айында 210 сауда объектісінен 607 азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің үлгілері сатып алынды. Оның 53 – і ЕАЭО техникалық регламенттерінің, оның ішінде импорттық өндірістің–85% және отандық өндірістің-15% талаптарына сәйкес келмеді.

              Тиісті емес 53 сынамада таңбалау бойынша 41, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 4, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша 3 (жарамдылық мерзімі өткен),1 тұтынушыны алдау, физика-химиялық көрсеткіштер бойынша 2, сондай-ақ өзге де көрсеткіштер бойынша 6 бұзушылық анықталды.

               Зерттелген сәйкессіздік сынамаларының жалпы санынан ет және балық өнімдерінде, құс етінде, сүт өнімдерінде, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінде, ойыншықтарда, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерде, оның ішінде балаларға арналған киімде анықталған.

                Сәйкессіздіктердің негізгі үлесі, атап айтқанда 77% таңбалау ережелері талаптарының бұзылуына тиесілі (дайындаушының атауы мен орналасқан жері, мемлекеттік тілдегі ақпарат, Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі, дайындалған күні, 4-қосымшаға сәйкес символдар, тамақ өнімдерімен жанасуға арналған қаптама, пайдаланылған қаптаманы кәдеге жарату жоқ (Мебиус ілмегі).

                Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша екінші орында (7,5%) немесе 4 сынама (ішек таяқшасы тобындағы бактериялардың болуы; Е. coli; Salmonellы гр.D, enteritidis түрі; жалпы бактериялық ластанудан асып кету-КМАФАнМ), жарамдылық мерзімі өткен өнімдер-5,6% немесе 3 сынама, сондай-ақ басқа көрсеткіштер бойынша 6 сынама (11,3%), жалған сүт өнімдерінің 1 сынамасы (1,8%) және физика-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін өнімдердің 2 сынамасы(4,0%).

                Техникалық регламенттер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына жауап бермейтін өнімдерді өткізудің белгіленген фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің атына санитарлық заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 36 ұйғарым, өндірушілерге 4 хабарлама және 2 ақпараттық хат берілді. Облыстың жергілікті өндірушілеріне жоспардан тыс 2 тексеру жүргізілді, анықталған бұзушылықтар үшін ұйғарым берілді және 325 245 теңге көлемінде айыппұл салынды.

                4,04 кг қауіпті өнім сатылымнан алынды, оның ішінде жалпы сомасы 6 300 теңгеге 3,80 кг тамақ өнімдері болып табылады.