Ақмола облысында жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады

Ақмола облысында жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады

             Жылы мезгілдің басталуымен ЖІИ - патогендік және шартты патогендік бактериялар, вирустар тудыратын және асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен сипатталатын жіті ішек жұқпалы ауруларының жоғарылауы байқалады. ЖІИ жылдың кез-келген уақытында пайда болуы мүмкін, бірақ жазда, ыстық ауа-райында, егер жеке гигиена сақталмаса, вирустар, бактериялар белсендіріледі, осылайша адам ағзасына оңай әсер етеді.

             Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша облыс бойынша ЖІИ-мен сырқаттанушылықтың 128 жағдайы тіркелді, жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың 3,1 есеге (67,9%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2,9 есеге өсуі байқалады.

              21-27 сәуір аралығында жіті ішек инфекцияларының 6 жағдайы (Есіл ауданында 5 жағдай және Аршалы ауданында 1 жағдай), сондай-ақ Степногорск қаласында сальмонеллез инфекциясының 1 жағдайы анықталды.

              Эпидемиологиялық тексеру кезінде үш жағдайда тамақ өнімдері (көкөністер мен жемістер, сүт және сүт өнімдері), 1 жағдайда - тұрмыстық байланыс және 2 жағдайда-қайнатылмаған суды пайдалану берілу факторы болғандығы анықталды.

ЖІИ алдын алудың 10 ережесі:

- Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдау.

- Тамақты мұқият дайындаңыз.

- Тамақты пісіргеннен кейін бірден ішіңіз.

- Тамақ өнімдерін мұқият сақтаңыз.

- Алдын ала дайындалған тағамды мұқият қыздырыңыз.

- Шикі және дайын тамақ арасында жанасудан аулақ болыңыз.

- Қолдарыңызды жиі жуыңыз.

- Ас үйді мінсіз таза ұстаңыз.

- Тамақты жәндіктерден, кеміргіштерден және басқа жануарлардан сақтаңыз.

- Таза суды қолданыңыз.

               Егер Сіздің отбасы мүшелелеріңіздің біреуі ішек инфекциясын жұқтырып, үйде болса, оны басқа отбасы мүшелерінен оқшаулауға тырысыңыз. Оған бөлек ыдыс-аяқ, төсек-орын, сүлгі беріңіз, науқастарға күтім жасау кезінде жеке қорғаныс құралдарын (қолғап, бетперде) қолданыңыз. Дезинфекциялаушы заттарды қолдана отырып, үйде жалпы тазалауды жасаңыз, содан кейін науқас қалпына келгенше үй-жайларды желдетіп, күнделікті дымқыл тазалауды қамтамасыз етіңіз.

              Әрбір науқас басқа адамдарға қауіпті болуы мүмкін екенін есте ұстауы керек, сондықтан ішек бұзылысының алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай,  медициналық көмекке жүгініңіз!