Астаналық санэпидбақылау ата-аналарға  балаларын жоспарлы вакцинациядан өткізуге шақырады

Астаналық санэпидбақылау ата-аналарға  балаларын жоспарлы вакцинациядан өткізуге шақырады

   24-30 сәуір аралығында өтетін иммундау апталығы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вакцинацияның не үшін және қалай жүргізілетінін айтып бермек.

   Сонымен, ҚҚП вакцинасынан бастайық.

   ҚҚП-қызылша, паротит және қызамыққа қарсы тірі вакцина.

   ҚҚП Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 1 жастан бастап (өмірінің 12-15 айларында) жүргізіледі. Инфекцияларға қарсы екінші вакцинация 6-7 жаста, мектепке дайындық кезінде жасалады. Бұл иммундық жүйені жаңарту және нығайту үшін қажет.

   Қызылша-бұл өте жұқпалы вирустық инфекция, ол дене қызуы, жөтел, конъюнктивит, бөртпе, сондай – ақ иммундық қорғаныстың төмендеуімен сипатталады, соның салдарынан асқынулар-отит, бронхит, пневмония және басқалар қосылуы мүмкін.

   Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызылшамен сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасына назар аударсақ, 2006 жылдан бастап сырқаттанушылықтың өсуі 2015 жылы, 2018 жылдың соңында және 2019 жылы тіркелді. 2015, 2019 жылдары халықтың осал топтары үшін қосымша иммундау түрінде індеттік сырқаттанушылыққа қабылданған қарсы шаралардан кейін сырқаттанушылық 2016, 2017, 2020, 2021 жылдары және 2022 жылдың алғашқы  4 айында тіркелмеген. Қызылша ауруының өсуі мен таралуының негізгі себебі медициналық қарсы көрсетілімдері бар және  профилактикалық егулерден бас тарту есебінен халық арасында иммундық емес қабаттың қалыптасуы болды.

   Паротит-бұл сілекей бездерінің қабынуы пайда болатын жедел вирустық ауру. Көбінесе бұл аурумен 5-15 жастағы балалар ауырады, алайда ересектер де ауырып қалуы мүмкін. Әдетте, ауру аса қиын емес өтеді, бірақ ұйқы безінің қабынуы (панкреатит), қалқанша безі сияқты бірқатар қауіпті асқынуларға ие.

     Қызамық-вирустық ауру. 2-9 жастағы вакцина алмаған  балалар жиі ауырады. Қызамық әдетте қауіпті емес деп саналады, бірақ болашақ аналар үшін қауіпті болып есептеледі, әсіресе егер әйел жүктіліктің басында жұқтырса. Содан кейін қызамық ұрықтың туа біткен ақауларын тудыруы мүмкін.

    1 және 6-7 жастағы балаларды жоспарлы иммундаудың арқасында көптеген жылдар бойы қызамық сынды ауру болмай және оқшауланған жағдайларда паротит қана  тіркеледі.

    Инфекцияның бір немесе өзге түріне қарсы  қаншалықты  адам көп егілсе, ұжымдық иммунитет соғұрлым жоғары болады, яғни жұқпалы ауруларға кедергі және олардың пайда болу қаупі аз болмақ. Бұл «Барлығына ұзақ өмір» ағымдағы жылдың апталық иммундау ұранын айғақтап тұр.