Тұтынушыларға өмірге қауіпті өнімдерді сату фактілері жиілеп кетті

Тұтынушыларға өмірге қауіпті өнімдерді сату фактілері жиілеп кетті

       Өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерінің 12 сынамасын анықтады, олар: ет, балық, май жəне құс өнімдері, сондай-ақ басқа да тамақ өнімдері. Салыстыру үшін – өткен жылы тек 5 жағдай анықталды, бұл профилактикалық бақылаудың түрі кəсіпкерлік субъектілерін міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізілетініне қарамастан, тұтынушыларға өмір үшін қауіпті өнімді сату фактілерінің жиілегенін тағы да дəлелдейді.

      Тез бұзылатын тамақ өнімдері - бұл тамақ өнімдеріне арналған техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбеген жағдайда, жарамдылық мерзімі 5 тəуліктен аспайтын тамақ өнімдері. Тез бұзылатын өнімдер үшін ерекше жағдай жасалуы қажет. Ауру тудыратын микроорганизмдердің, бүлінетін микроорганизмдердің дамуын немесе адам денсаулығы үшін қауіпті болып табылатын деңгейге дейін уыттардың пайда болуын болдырмау мақсатында температура режимін сақтап, өнімді дұрыс тасымалдау қажет. Тез бұзылатын тағамдарға ет, балық, сүт жəне сүт өнімдері, түрлі көкөністер мен жемістер жатады. Жануарлар мен өсімдіктерден жасалған тез бұзылатын өнімдердің құрамында ылғал көп, бұл микроорганизмдердің тіршілік етуіне жəне өнімдердің тез бұзылуына əкелетін ферменттердің белсенділігіне қолайлы жағдай жасайды.

      Өнімдер бұзылған жағдайда организм үшін пайдалы қасиеттерді жоғалтып қана қоймайды, сонымен қатар патогендік бактериялық флораның дамуы нəтижесінде адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Сонымен қатар, өнімді ұқыпсыз сақтау кезінде оларға кейбір зиянды жəне тіпті улы заттар (токсиндер) енуі немесе пайда болуы мүмкін.

      Бұл санаттағы өнімдердің сақтау мерзімі бөлмедегі немесе қоймалардағы температура режиміне байланысты. Балық пен еттен дайындалған жартылай фабрикаттар түріндегі өнімдер тез бұзылады. Тез бұзылатын тамақ өнімдерінің əрбір түрі үшін сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдерін өндіруші құрамына, дайындау технологиясына, сақтау шарттарына жəне т.б. сүйене отырып белгілейді.

     Əрбір тұтынушы өнімді таңбалауда оның дайындалған күні мен жарамдылық мерзімінің болмауы бұзушылық болып табылатынын білуі тиіс. Мұндай жағдайда сіз өзіңіздің денсаулығыңызға күмəн келтірмей, басқа өндірушінің өнімін таңдаған дұрыс немесе тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау температурасы жəне жарамдылық мерзімі көрсетілген ілеспе құжаттарды сұрауыңыз керек.

     Тағамнан улануды болдырмау үшін тұтынушыға өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аудару жəне оны белгіленген уақыт ішінде пайдалану маңызды. Тек сапалы жəне қауіпсіз өнімдерді пайдаланыңыз, өзіңіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына сақ болыңыз.