Вакцинация арқылы қызылшаның алдын алыңыз

Вакцинация арқылы қызылшаның алдын алыңыз

Қостанай облысында балалар қызылшасы бойынша қолайлы эпидемиологиялық жағдай байқалады. Ағымдағы жылы өңірде сырқаттанушылық жағдайлары тіркелген жоқ.

    Қызылша-негізінен балаларда кездесетін және безгегімен, мұрынның, көздің, тамақтың шырышты қабығының қабынуымен, теріде бөртпе пайда болуымен сипатталатын жедел инфекциялық аурулардың кең таралған түрі. Қызылша ауа тамшылары арқылы тез таралады.

    Ауру денеде бөртпенің пайда болуымен емес, тұмаудың белгілерімен басталады: дене қызуы 38-40 градус, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, әлсіздік, тәбеттің болмауы. Кейінірек көздің шырышты қабығының қабынуы пайда болады. Әрбір екпе алмаған адам қызылшамен ауырады.

    Бүгінгі таңда аталмыш дерт өзекті инфекция болып табылады. Оны ағзаны иммундау арқылы алдын алуға болады. Халықты қызылшаға қарсы вакцинациялау профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде жүргізіледі. Балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін үнді өндірісінің аралас вакцинасы қолданылады. Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады.

    2021 жылы өңірде осы ауруға қарсы 9724 бала егілді, оның ішінде екі жасқа дейінгі балалар – 9614, нысаналы топтан қамтылу 97,7% - ды құрады. Барлығы 10088 адам қайта вакцинацияланды, оның ішінде 6 жасында – 10049 бала.

    Жүргізілген вакцинацияның арқасында халық қызылша вирусымен күресте айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.

    Аталмыш жұқпалы ауру әсіресе 1 жастан асқан балалар үшін қауіпті. Инфекцияның салдарынан перзентіңізде пневмония, құрысулар, сирек – мидың мембраналарының қабынуы, мүгедектікке әкелетін ауыр асқынулар болуы әбден мүмкін.

    Құрметті ата-аналар, балаңызда қызылшаның белгілері болған кезде дереу дәрігерге жүгіну керек. Бұл тез диагноз қою мен емдеуді бастау үшін ғана емес, сонымен бірге науқас барған жерге эпидемияға қарсы шаралар қабылдау үшін де маңызды, өйткені инфекция өте тез таралады.