Қарағанды облысының мектеп оқушылары энтеровирустық этиологияның серозды менингитпен жиі ауырады

Қарағанды облысының мектеп оқушылары энтеровирустық этиологияның серозды менингитпен жиі ауырады

Соңғы 5 жылда (2017 жылдан 2021 жылға дейін) облыста энтеровирустық этиологияның серозды менингиттің 287 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 190 жағдай (66%). Ауырғандар арасындағы негізгі контингенті оқушылар - 52 %, мектепке дейінгі ұйымдарға (МДҰ) бармайтын балалар - 10 %, МДҰ балалары - 11% және 19-39 жас аралығындағы адамдар - 27% құрайды. Мәселен, көбінесе серозды менингитпен ауыратын адамдардың анамнезінде 20% - ға дейін ашық суға шомылу орын алады.

    Су әрдайым көптеген жұқпалы аурулардың (тырысқақ, іш сүзегі, бактериялық дизентерия, вирустық гепатит, лептоспироз, туляремия, энтеровирустық инфекциялар және т.б.) таралуының маңызды факторы ретінде қарастырылды. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары суды адам ағзасынан  бөліндісі немесе елді мекендердің тұрмыстық ағынды сулары арқылы ластайды.

     Энтеровирустық инфекциялар - интоксикация синдромымен және әртүрлі клиникалық көріністермен сипатталатын энтеровирустар (ішек вирустары) тектес вирустардан туындаған аурулар тобы, олардың арасында серозды менингит жиі тіркеледі. Менингиттің негізгі белгілері: аурудың жедел басталуы, жоғары қызба, бастың және бұлшықет ауыруы (кейде, әсіресе жас балаларда, іштің ауыруы), қайталама құсу. Көрсетілген симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралу қажет.

     Энтеровирустармен залалдану жуылмаған көкөністер мен жемістерді, жылумен өңдеуден өтпеген тамақ өнімдерін, сондай-ақ шикі суды пайдаланған кезде фекальді-ауыз жолымен не вирус тасымалдаушымен тікелей байланыста болған кезде немесе үй тұрмысындағы зарарланған заттар арқылы тұрмыстық жолмен түсуі мүмкін болады. Вирустың кеңінен таралуына және көбінесе инфекцияның асимптоматикалық ағымына (вирустық тасымалдау) байланысты вирустың таралуы ауа тамшылары жолымен де жүруі мүмкін.         

     Инкубациялық кезең орташа есеппен 7 күнді құрайды. Аурудың барысы қолайлы, әдетте ауру толық қалпына келумен сипатталады.

     Өзіңізді және балаларды энтеровирусты инфекциядан қорғау үшін жеке гигиенасының қарапайым ережелерін сақтау қажет, яғни әр адам қолдарын тамақ ішер алдында, баланы тамақтандыру алдында, дәретханаға барғаннан кейін мұқият жуу қажет.

     Сонымен қатар, көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен шайып, мұқият жуу керек. Ішу үшін тек қайнаған немесе бөтелкедегі суларды пайдалану керек.  Тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз, шомылу кезінде суды жұтып қоймауға тырысыңыз, өйткені вирус сыртқы ортада тұрақты, суда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.          

     Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі қарапайым алдын-алу шараларын сақтау арқылы оның алдын алу оңай!

     Аурудың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет.