Ақмола облысы санитариялық қызмет өз лайығы бойынша бағаланды

Ақмола облысы санитариялық қызмет өз лайығы бойынша бағаланды

             Бүгін Ақмола облысы әкімдігінде салтанатты жиналыс барысында өңір басшысы Ермек Маржықпаев қала және аудандардағы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерімен, Ұлттық сараптама орталығы Ақмола облысы филиалы мамандарымен кездесіп, осы кісілерге коронавирус инфекциясымен күресу кезінде іскерлігі мен жоғары біліктілігін танытып, өз міндеттерін жоғары  деңгейде атқарған, халық денсаулығын қорғау ісіне зор үлесін қосқан үшін аталған мамандарға өзінің шексіз алғысын білдіріп, салтанатты түрде алғыс хаттарын табыстады.

              Әкім өз сөзінде болған жағдай жай орын алмай және бүгінгі таңда COVID-19 ауруының бірде жағдайы тіркелмегеніне әкелгенін атап өтті. Сонымен қатар, өңір басшысы санитариялық дәрігерлер тарапынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жайында ауқымды түсіндірме жұмыстары атқарылғанынын баса айтып өтті. Бұл жұмыстар әлеуметтік желілерде де, теріс пікірлерін қолдаған блогерлер мен вакцинацияға қарсы шыққан тұлғалармен, өңір тұрғындарымен, ұжымдармен, жеке кәсіпкерліктермен атқарылғанын тілге тиек еттіп айтты, бұл Ақмола облысы тұрғындарының вакцинациямен толық қамтылғанына себеп болды.

               Кездесу соңында облысы әкімі Е, Маржықпаев өңірлердің санитария дәрігерлеріне қол жеткізген жетістіктеріне тоқтамай,облыс тұрғындарының денсаулығын қорғау мақсатындағы қызметтеріне толағай табыс тілеп,  әрі қарай талай белестерден өту тілегін білдірді.

               Пандемияның орын алғаны өңірлік санитария қызметін қолдау және аянбай еткен қызметін  бағалау нышаны болғаны сөзсіз, ал аталған қызмет Ақмола облысы тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын  қамтамасыз ету, халық денсаулығын нығайту жолындағы жұмыстарын атқаруды жалғастырады.