2021 жылдың Ақтөбе облысындағы өнеркәсіптік объектілеріндегі өндірістік ортаның жай - күйі

2021 жылдың Ақтөбе облысындағы өнеркәсіптік объектілеріндегі өндірістік ортаның жай - күйі

               Жыл басынан бері аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары радиациялық-қауіпті, өндірістік объектілер мен химиялық заттарды сақтауға арналған қоймаларды тексерді.

               Зерттеумен қамтылған барлық 12 объектіде 100% зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізілді. Бұл:

557 зерттеу, оның ішінде булар мен газдарға - 240, оның ішінде 1-2 қауіптілік классындағы заттарға-36. Шаң мен аэрозольдерге - 57, оның ішінде 1-2 қауіптілік классындағы заттарға - 3. Жұмыс орындарындағы діріл деңгейіне - 9; электромагниттік өріске – 12; микроклиматқа - 40, жарықтандыруға - 73, шу - 38, оның ішінде 3 зерттеуде (7,8%) шектік рұқсат етілген концентрациядан (бұдан әрі – ШРЕК) асып кету анықталды.

                Анықталған бұзушылықтар бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарында 6 325 095 теңге көлемінде барлығы 6 айыппұл салынды, бұзушылықтарды жою туралы 5 санитариялық ұйғарым берілді.

                2021 жылы 4 329 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 125 зерттеуде ШРЕК артқаны анықталды. Булар мен газдарға 2 180 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 21 яғни 0,9% сәйкес келмейді. Шаң мен аэрозольдерге 2149, оның ішінде 104 зерттеу ШРЕК бойынша сәйкес келмейді (4,8%), оның ішінде 1-2 қауіптілік классындағы заттарға - 663, оның ішінде ШРЕК бойынша 30 зерттеу немес 4,5%  сәйкес келмеді.

               Шудың деңгейін анықтау бойынша жұмыс орындарында 2106 зерттеу жүргізіліп, оның ішінде сәйкес келмегені 105 немесе 4,9% құрады.

                Өндірістік кәсіпорындарда осындай зерттеулерді жүргізудің негізгі мақсаты-қызметкерлер арасында кәсіби аурулардың алдын алу.

                Шудың, дірілдің, шаң мен аэрозольдердің үнемі әсер етуі денсаулықтың нашарлауына, яғни уақытша еңбекке жарамсыздыққа немесе адамдардың мүгедектігіне әкелуі мүмкін.

                Еңбек және жұмыскерлер қауіпсіздігі – мықты өндірістің кепілі.