
Алматы облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл сайын оқушылардың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізеді. Оқушылар тиісті дәрігер мамандардың тексерісінен өтеді, содан кейін педиатр анықталған қорытындыларға қарап оқушыларды денсаулық топтарына сәйкес ұсыныстар береді.
Медициналық тексеру қорытындысы бойынша облыста бірінші орында - тіс жегі - 78%, екінші орында көз аурулары, оның ішінде көз көрудің өткірлігінің төмендеуі - 24%, үшінші орында ас қорыту ағзасының аурулары - 18%, төртінші орында қан айналым жүйесінің аурулары, оның ішінде анемия - 17,5%, бесінші орында сүйек және бұлшықеттің сырқаттанушылығы - 9,5%.
Бірақ оқушылар арасындағы ең өзекті мәселе - көру қабілетінің нашарлауы, оның басты себебі бәрімізге белгілі - гаджеттер мен теледидарлар.
Көру қабілетінің нашарлауын болдыртпау үшін не істеу керек ?
- Жарық жақсы болуы керек.
Бала үстелге отырғанда жарық сәулелері тікелей көзге және жарық сол жаққа түсуі керек. Түнгі жарық күндізгі жарықпен бірдей болуы тиіс. Компьютерде оқуға немесе жұмыс істеуге арналған құрылғы заттар немесе әріптер нақты ажыратылатындай болуы керек, бұл көз бұлшықеттерінің шамадан тыс созылуын тудырмайды.
- Ыңғайлы отыру.
Кітапқа немесе мониторға дейінгі қашықтық кемінде 60 сантиметр, планшетке дейін кемінде 30 сантиметр болуы тиіс. Бейне тікелей экранға бағытталуы міндетті. Жоғары, төмен, бүйірге қараған кезде көз бұлшықеттеріне қосымша жүктеме жүктеледі, бұл көздің шаршауы мен көру қабілетінің нашарлауына ықпал етеді.
- Көзге келтірілетін жүктеме мөлшерін азайту.
Оқу, сурет салу, жазу жұмыстары арнайы үзіліспен жасалуы керек. Мектепалды сыныптар мен мектептерде тікелей бейнетерминалмен, дербес компьютермен, планшетпен және ноутбукпен оқу сағаты жүргізілген кезде сабақтардың ұзақтығы мынадай болуы тиіс:
- мектепке дейінгі топтарда және 1 сыныпта - 15 минут;
- 2-3-сыныптарда-20 минут;
- 4-5-сыныптарда-25 минут;
- 6-8-сыныптарда-25 минут;
- 9-11 (12) сыныптарда - 30 минут.
Компьютер және ноутбукпен тікелей жұмыс істеу ұзақтығы 2 сағаттан аспауы тиіс.
Жұмыс кезінде алдын-алу шараларын, яғни, әр 20-25 минут сайын көзге арналған жаттығулар жасауды ұмытпаңыз, 45 минуттық үзілістен кейін физикалық жаттығулар жасау пайдалы.
Осы шаралар туралы есте сақтауды және көзге қатысты проблемалар туындаған кезде уақтылы офтальмологпен кеңесу керек екенін естен шығармаған жөн!