Рудныйдағы колледж студенттерінің улану фактісі тексерілуде

Рудныйдағы колледж студенттерінің улану фактісі тексерілуде

              Қостанай облысының Рудный тау-кен технологиялық колледжі студенттері арасында жіті ішек инфекциясымен топтық улану дерегі анықталды.

              2022 жылғы 21 сәуір сағат 15.00-дегі жағдай бойынша жіті ішек инфекциясы белгілерімен медициналық көмекке 35 студент жүгінді, оның ішінде 14 адам "жедел гастроэнтерит" диагнозымен ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаториялық емдеу тағайындалды (науқастардың шағымы - жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, сұйық нәжіс). Бүгінгі күні науқастардың жағдайы қалыпты, орташа ауырлықта.

             Зардап шегушілердің барлығы өз ауруын колледж асханасында тамақтанумен байланыстырады.

             Рудный қаласының полиция басқармасымен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармасымен бірлесіп "S_SALTA" ЖШС жеке тұлғасымен жалға алынған асханаға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастады.

            Тексеру барысында зертханалық зерттеулер үшін тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың сынамалары алынды, сондай-ақ ас блогының персоналы тексерілді. Зертханалық зерттеулер жүргізілуде.

             Мамандар ошақта эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруда.