Алматы алдағы жазғы кезеңде ашық су айдындарындағы судың жай-күйіне мониторинг жүргізуге дайындалуда

Алматы алдағы жазғы кезеңде ашық су айдындарындағы судың жай-күйіне мониторинг жүргізуге дайындалуда

               Жазға дейін аз ғана уақыт қалды, бұл алда бізді жазғы шомылу маусымы, су айдындарымен байланысты демалыс кезеңіннің күтіп тұрғанын білдіреді. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су айдынының түріне қарамастан, теңіз, көл, өзен немесе тоған болсын, әр адам жүзу кезінде қауіпсіздік шаралары мен жүріс-тұрыс ережелерін білуі және қатаң сақтануы тиіс екені туралы еске салады. Шомылу орны да маңызды болып табылады. Ең қауіпсізі ресми пайдалануға рұқсат етілген жағажайда демалу және шомылу. Себебі, жағажайда құтқарушылар, кезекшілікте жүрген медицина қызметкерлері, сонымен қатар, ең бастысы – ашық су айдындарының жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.

                 2022 жылдың жазғы кезеңінде Алматы қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг екінші санаттағы 30 ашық су айдынында жүргізіледі, нақты атап өтсе Алатау ауданының аумағы арқылы 5 ашық су айдыны, Алмалы ауданы арқылы – 3, Әуезов ауданы арқылы – 2, Бостандық ауданы арқылы – 2, Жетісу ауданы арқылы – 4, Медеу ауданы арқылы – 8 және Түрксіб ауданы арқылы – 6 су айдыны ағып өтеді.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында су объектілерінде халық үшін жаппай демалу, туризм және спорт үшін 4 демалыс аймағы анықталды:

1) Д. Қонаев ат. ҮАК  – «Баум тоғайы» жағажайы;

2) Д. Қонаев ат. ҮАК – «Гүлдер» жағажай демалыс аймағы;  

3) «Сайран» көлі: шығыс және батыс жағы.

                 Белгіленбеген жерлерде шомылу, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіретіндігі жайлы ескертеміз. Белгілі бір жерде шомылып, демалу үшін су айдындарындағы судың сапасын өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілген, демалыс аймағын ашуға және пайдалануға рұқсат беретін құжаттары мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар аймақтарды ғана таңдаңыз. Бұл сізге денсаулығыңыз үшін еш уайымдамай, толыққанды, сапалы демалуға кепілдік береді. Сондай-ақ, су қоймасында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге жіті назар аудару қажет!