Қостанай облысында жыл басынан бері туберкулездің 83 жағдайы анықталды

Қостанай облысында жыл басынан бері туберкулездің 83 жағдайы анықталды

              Қостанай облысында КВИ және аса қауіпті инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Аса қауіпті инфекциялар тобына жеке және қоғамдық қауіптіліктің жоғары дәрежесін білдіретін аурулар жатады. Аса қауіпті жұқпалы аурулар өте тез таралуымен, ауыр ағымымен, сондай-ақ, еңбекке қабілеттілігінен айырылуы немесе жоғары өліммен сипатталады.

              Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде туберкулез ауруының 83 жағдайы тіркелген. Олардың арасында 1 бала. Осы инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу және деңгейін төмендету мақсатында облыста бірқатар іс-шаралары жүргізіледі. Жыл басынан бері 2 605 жаңа туған нәресте профилактикалық егумен қамтылды, туберкулинодиагностика әдісімен 25 055 бала жұқтырудың бар-жоғына тексерілді, 89 594 адам профилактикалық флюорографиялық тексерумен қамтылды.

              Өңірде бруцеллез, листериоз, туляремия және басқа да зооантропоноздық инфекциялармен сырқаттану тіркелмеген.

              Жыл басынан бері антирабиялық көмекке жануарлардан зардап шеккен 458 адам жүгінді. Оның ішінде құтыру диагнозы қойылған хайуандардың шағуынан зардап шеккен 7 адам. 447 зардап шегушіге аталмыш ауруға қарсы иммундау тағайындалды, 2 адам егуден бас тартты. Айта кету керек, құтыру диагнозымен ұзақ инкубация кезеңі, клиникалық белгілердің дамуымен ерекшеленеді. Ауруды емдеу мүмкін емес, нәтижесі өлімге әкеледі.

              Сондай-ақ, облыста РФ тарапынан мемлекеттік шекараны кесіп өтетін тұлғаларды төрт автоөткізу арқылы бақылау жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында шекарадан 22 618 адам өтті, оның ішінде 10 964 жолаушы және 11 654 транзиттік жүк көлігі жүргізушілері. Тексеру нәтижелері алынғанға дейін ПТР тестілеу туралы анықтамасыз 1 141 адам карантиндік стационарға орналастырылды, 308 шетелдік азаматқа ҚР аумағына кіруге рұқсат берілмеді.