
Қазіргі заман балалары цифрлық медиамен өсуде. Олар компьютер, смартфон және басқа құрылғыларды қоса алғанда, барлық нысанда ақпараттық қысымға ұшырайды. Қолында смартфонмен шамадан тыс отыру баланың денсаулығына, атап айтқанда психоэмоционалды жағдайға теріс әсер ететіні сөзсіз.
Облыс бойынша бастауыш және орта сынып балалары арасында көру органдары патологиясының өсуі байқалады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың оқушылары арасында медициналық тексеру барысында барлығы – 7741 (2020 жылы - 7835) көру органдарының патологиясы анықталды, оның ішінде бастауыш сынып балаларында - 1702 (2020 жылы - 1510), 5-9 сынып орта буын балаларында – 3820 (2020 жылы-3636), жоғары сынып балаларында- 2219 (2020 жылы- 2689).
Гаджеттерде, компьютерлерде шамадан тыс отырудың негізгі жағымсыз жақтары:
- электромагниттік сәулеленуден болатын зиян;
- қозғалыстарды үйлестірудің нашарлауы, ойындар кезінде реакцияның төмендеуі, қолдың ұсақ моторикасы дамуының тежелуі;
- көру проблемалары, миопияның пайда болфуы;
- дене тұлғасының бұзылуы;
- тез шаршау.
Компьютердің, гаджеттің теріс әсерін ескере отырып, ата-аналарға келесідей ұсынылады:
- баланың компьютерде өткізетін уақытын реттеуге тырысыңыз;
- баланың қызығушылығын дамыту: спорт, өнер, музыка, ғылым. Олардың әртүрлі үйірмелерге, секцияларға, мектеп факультеттеріне баруын ұйымдастырыңыз;
- балалармен бірге көзге арналған гимнастика және белгілі бір қозғалыс жаттығуларын орындаңыз.
Сонымен қатар, ата-аналар баланың бөлмесінде жақсы жарықтандыруды қамтамасыз етіп, оның тамақтануын (рационда барлық қажетті дәрумендердің болуын) және күн тәртібін (жеткілікті ұйқы) бақылау.