
1. Қазақстанда “Pfizer” препаратымен вакцинациялануға барлық азаматқа рұқсат берілгеннен кейін дүрлікпе жағдайы бар ма?
- Бүгінгі күні “Pfizer” вакцинасына қатысты ешқандай дүрлікпе жоқ. "Pfizer” компаниясының “Комирнати" вакцинасымен 955 мың адам екпе алды, оның ішінде 12-17 жастағы жасөспірімдер саны - 784, жүкті әйелдер - 36 мың, лактация кезеңіндегі әйелдер - 127 990 мың және басқа контингент - 8 мың адамды құрайды.
2. “Pfizer” препаратымен иммундау барлық тілек білдірушілерге рұқсат етілгеннен кейін жалпы ревакцинацияға деген қызығушылық танытушылар қатары артты ма?
- "Комирнати" препаратымен (Pfizer) КВИ-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға жататын контингенттер қатарының кеңеюімен өңірлерде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялау қарқыны жоғарылады.
КВИ – ға қарсы ревакцинациядан өткендер арасында "Комирнати" (Pfizer) препаратымен қайта егу динамикасы өткен аптамен салыстырғанда 2,2 есеге өсті (а.ж. 25 наурызында – тәулігіне 4100 адам, а. ж. 1 сәуірінде-тәулігіне 9200 адам).
3. Ревакцинацияға деген сұраныс қаншалықты артты? Үшінші дозаны алуға ниет білдірушілердің көрсеткіші қандай?
- Барлық екпелер бойынша КВИ-ға қарсы ревакцинация динамикасы тұтастай бір деңгейде қалып отыр (күн сайын тәулігіне 25-26 мың адам вирусқа қарсы егілуде).
4. Қазақстанның қай өңірлерінде ревакцинациялау белсенді жүргізілуде?
- Бүгінгі күні КВИ-ға қарсы ревакцинация қарқыны бойынша үш облыс көш бастап тұр: Шығыс Қазақстан облысында тиісті контингенттің 80,9% – ы, Қызылорда облысында – 77,7% және Жамбыл облысында - 71,8% ревакцинациядан өтті.
5. Бүгінгі таңда елімізде “Pfizer”-дің қанша дозасы бар?
- Бүгінгі таңда өңірлерде вакцинация және ревакцинация үшін КВИ-ға қарсы "Комирнати" (“Pfizer”) препаратының жеткілікті көлемі қалыптастырылды, ҚР бойынша шамамен 1,9 млн.доза бар.
6. “Pfizer”-ден басқа тағы қандай препараттар қоры бар және олардың саны қандай?
- Елде КВИ-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға арналған екпелердің шамамен 4 млн.дозасы бар, оның ішінде "QazVac"-449 мың доза, "Sinopharm"-1,67 млн. доза және “Комирнати" (Pfizer)-1,9 млн. доза.