
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының және ProMed торынан алынған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 31 наурызы бойынша, әлемде келесі жұқпалар тіркелген:
Оба: әлемде 1 жағдай Конго Демократиялық Республикасында тіркелген, өліммен аяқталған жоқ.
Тырысқақ: әлемде – 5787 жағдай тіркеліп, оның 75 жағдайы өліммен аяқталды. Соның ішінде: Африка аймағының 8 елінде (Нигерия - 701 жағдайы тіркеліп, 19 адам қайтыс болды), (Конго Демократиялық Республикасы – 2168 жағдай, оның 27 қайтыс болған), (Камерун – 675 жағдай тіркеліп, 16 адам қайтыс болды ), (Эфиопия – 92 жағдай тіркеліп, өліммен аяқталған жоқ), (Бенин – 397 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Танзания – 27 жағдай, оның 4 қайтыс болған), (Малави – 34 жағдай, 3 адам қайтыс болды), (Зимбабве – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Батыс Тынық мұхит аймағында 2 елде: (Қытайда - 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Филиппиндер – 491 жағдай, оның 6 қайтыс болған). Оңтүстік-Шығыс Азия: Бангладеш – 1200 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Күйдіргі: әлемде 69 жағдай тіркеліп, 5 адам қайтыс болды. Соның ішінде: Африка аймағының 5 елінде (Кения – 11 жағдай, 2 өліммен аяқталды), (Уганда – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Зимбабве – 22 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Конго Демократиялық Республикасында 11 жағдай, 2 адам қайтыс болды); Еуропа аймағында: Қазақстанда 2 жағдай, 1 адам қайтыс болды; Батыс Тынық мұхит аймағында (Қытайда 10 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), Оңтүстік-Шығыс Азияда: Индонезияда 12 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Туляремия: Америка аймағында: АҚШ-та 1 жағдай тіркелді, өліммен аяқталған жоқ.
Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы әлемде 7 жағдай тіркеліп, 2 адам қайтыс болды. Еуропа аймағында: (Ұлыбританияда – 1 жағдай, сырттан келген, өліммен аяқталған жоқ), Африка аймағында: Мавританияда – 6 жағдай тіркеліп, 2 адам қайтыс болды.
Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасы: әлемде 837 жағдай тіркеліп, оның 6 қайтыс болды. Соның ішінде: Ресейде 32 жағдайы тіркелді, өліммен аяқталған жоқ, Беларусь Республикасында 24 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Қытайда – 781 жағдай тіркеліп, оның 6 қайтыс болды.
Ласса қызбасы: әлемде 684 жағдай тіркеліп, 132 адам қайтыс болды. Соның ішінде: Африка аймағында: Нигерияда - 659 жағдай, оның ішінде 123 адам қайтыс болды, Либерияда – 17 жағдай, 5 адам қайтыс болды, Сьерра-Леоне - 4 жағдай, 2 адам қайтыс болды, Того мемлекетінде – 1 жағдай, адам қайтыс болып кетті. Еуропа аймағы: Ұлыбританияда 3 жағдай тіркеліп, 1 адам қайтыс болды.
Денге қызбасымен: әлемде 280079 жағдай тіркелген, оның ішінде 318 адам қайтыс болған. Америка аймағында 221674 жағдай тіркелген, оның ішінде 70 адам қайтыс болды: (АҚШ – 32 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Коста-Рика – 440 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Сальвадор – 1823 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Гватемала – 436 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Гондурас – 2451 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Мексика – 2818 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Никарагуа - 6834 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Панама – 411 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Боливия – 1873 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Колумбия – 11043 жағдай, 5 адам қайтыс болды), (Эквадор – 3929 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Перу – 18061 жағдай, оның ішінде 23 адам қайтыс болды), (Венесуэла – 733 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Аргентина – 9 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Барзилия – 167602 жағдай, оның ішінде 30 адам қайтыс болды), (Парагвай – 2464 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Доминикан Республикасы – 609 жағдай, оның ішінде 7 адам қайтыс болды), (Пуэрто-Рико – 73 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Антигуа мен Барбуда – 4 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Кайман аралдары – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Доминика – 3 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Ямайка – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Сент Китс пен Невис – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Сент-Люсия – 3 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Сент-Винсент пен Гренадин – 11 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Суринам – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Тринидад пен Тобаго – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Батыс Тынық мұхиты аймағында - 28257 жағдай тіркелген, оның ішінде 59 адам қайтыс болды: (Вьетнам - 10280 жағдай оның ішінде 4 адам қайтыс болды), (Филиппиндер – 8110 жағдай, оның ішінде 51 адам қайтыс болған), (Малайзия – 7364 жағдай, 3 адам қайтыс болды), (Лаос – 68 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Сингапур – 1978 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Бангладеш – 91 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Камбоджа – 363 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Австралия – 3 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Оңтүстік – Шығыс Азияда 27906 жағдай тіркелген, оның ішінде 186 адам қайтыс болды: (Үндістан – 158 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Таиланд – 193 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Индонезия – 15269 жағдай, оның ішінде 164 адам қайтыс болған), (Шығыс Тимор – 1286 жағдай, оның ішінде 20 адам қайтыс болған), Шри-Ланка – 11000 жағдай, өліммен аяқталған жоқ).
Сары қызбамен әлемде - 170 адам сырқаттанып, 15 адам қайтыс болды. Соның ішінде, Африка аймағының 8 елінде: (Кения – 16 жағдай, 4 адам қайтыс болды), (Чад – 35 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Конго Демократиялық Республикасында 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Камерун – 10 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Орталық Африка Республикасы – 9 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Кот-д'Ивуар – 13 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Гана – 71 жағдай, 11 адам қайтыс болған), (Уганда – 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ).
Хантавируспен әлемде 11 жағдай тіркелген, 1 адам қайтыс болды, соның ішінде Америка аймағының 5 елінде: (АҚШ – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Аргентина – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Панама – 6 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Боливия – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Чили – 1 жағдай, адам қайтыс болды). Батыс Тынық мұхит аймағында: Тайваньда – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Кьясанур орман ауруы: Үндістанда 3 оқиға тіркелді, өліммен аяқталған жоқ.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының әлем бойынша (2020 жылды қоса алғанда) 486 833 174 жағдайы тіркеліп, 5774170 адам қайтыс болды.