Өнім қауіпсіздігінің мониторингі

Өнім қауіпсіздігінің мониторингі

              Жоспарға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2022 жылдың ақпан айындағы кестесіне сәйкес Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің 507 үлгісін іріктеп алды, оның ішінде 41 сынама немесе 8,1% сәйкес келмеді.

             Техникалық регламенттердің талаптарын қамтамасыз ету бойынша негізгі бұзушылықтар мыналар болып табылады: өнімді таңбалау бойынша 28 сынаманың (68,3%), микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 6 (14,6%), физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша 5(12,2), қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша 2 (4,8%), өзге де көрсеткіштер бойынша 1(2,4%) талаптарға сәйкес келмеуі.

             Ақмола облысының ішкі нарығында айналыста жүрген өнімнің ең көп пайызы импорттық өнімнің үлесіне тиесілі – 68,2% (ЕАЭО елдері-245/9, басқа елдер-123/19), отандық өндірушілердің өнімдері -31,7% (139/13) құрады. Азық-түлік өнімдері – 282/19 (6,7%), азық-түлік емес өнімдер - 225/22 (9,7%).

            Өнім қауіпсіздігінің мониторингі - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтауға, әкелудің, өндірудің, қолдану мен өткізудің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.          

           Бірыңғай экономикалық одақ Кеден одағының азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 42 техникалық регламентін қабылдады.  

           Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) бірыңғай тізбесіне енгізілген өнім (тауарлар) өнім қауіпсіздігінің мониторингінің шеңберінде іріктеуге жатады.

           Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 15 санитариялық нұсқама берілді.