Су тасқыны кезінде ауыз судың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Су тасқыны кезінде ауыз судың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

             Қазақстанда күрт жылынып, сәйкесінше су тасқыны мен су басу қаупі туындады, бұл ауыз су сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

             Қар еріген кезде, әсіресе күн күрт жылынып еру процесі жылдам болғанда, қоғамдық құдықтар мен ұңғымалардың каптаждарын еріген су басу қаупі бар. Осы құдықтарды еліміздің солтүстік өңіріндегі көптеген ауыл тұрғындары ауызсу көзі ретінде пайдаланады. Сондай-ақ су құбырларындағы аппаттық жағдайлардың салдарынан еріген және жер асты сулары құбырға түсуі мүмкін, олар құстардың, жануарлардың және адамның тіршілік әрекетінің органикалық қалдықтарымен, химиялық заттармен ластануы және халықтың індетті инфекциялық аурушаңдығының немесе улануының көзі болуы мүмкін.

            Ауыз судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық тазалау және дезинфекциялау жүргізу, іргелес аумақты таза ұстау, 3-5 метр қашықтықта қоршау орнату қажет. Бөренелерді, біліктерді, беткейлерді, қорғаныс қақпақтарын немесе шатырларды ағымдағы жөндеу қажет. Суды көтеру үшін шелектеріңізді пайдалануға қатаң тыйым салынады.

            Тұрмыстық сүзгілер ағынды ауыз судың дәмін жақсартады және минералды қосылыстардан арылтады. Алайда, егер судың бактериялық ластануы болса, онда тұрмыстық сүзгілер көмектеспейді. Сондықтан су тасқыны кезінде санитариялық дәрігерлер тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолдануды ұсынады.

             Санитариялық дәрігерлер тұрақты негізде ауыз сумен жабдықтау жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. 2021-2022 жылдар аралығында СҚО-да бактериологиялық көрсеткіштерге су құбыры суының 1324 сынамасы зерттелді, Тимирязев ауданында 2 сынама сәйкес келмеді. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілерінен бактериологиялық көрсеткіштерге 534 сынама зерттелді, 20 сынама сәйкес келмеді.

            Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге су құбыры суы мен орталықтандырылмаған объектілердің 1 391 сынамасы зерттелді, 53-ке сәйкес келмеді. Су жалпы қаттылыққа, құрғақ қалдыққа, иіске, дәмге, түске, жалпы безге сәйкес келмеді. Ауыз судың сәкес келмеген сынамалары тіркелген барлық сумен жабдықтау объектілерінде сүзгілерді тазалау, жуу, ауыстыру жүргізілді.

            3 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн.теңге сомасына айыппұл салынды.