Қазіргі уақытта “омикронның” жоғары контагиозды түрі бүкіл әлемде басымдықпен таралуда

Қазіргі уақытта “омикронның” жоғары контагиозды түрі бүкіл әлемде басымдықпен таралуда

              Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша “Стелс-Омикрон” нұсқасы қазір барлық анықталған инфекциялардың 86%-ын құрайды. Біз жаңа штамм туралы барлық белгілі ақпаратты жинақтадық. “Жасырын омикрон” туралы не білу қажет:

- Жұғу жылдамдығы өте жоғары

COVID-19 вирусының ВА.2 түрі бұған дейінгі BA.1 мен BA.1.1 нұсқаларына қарағанда жұқпалы болып келеді, алайда қазіргі кездегі нәтижелер жаңа нұсқаның ауыр ағымының ықтималдығы “Омикронмен” бірдей екенін көрсетеді

- Вакцинаның үдеткіш дозалары жаңа штамнан қорғайды

“Омикронның” басқа нұсқалары сияқты вакциналардың BA.2-ге қарсы тиімділігі төмен. Алайда Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің мәліметінше, қорғаныс деңгейі үдеткіш вакцинация арқылы қалпына келтірілуде. Бұл әсіресе ауруханаға жатқызу және өлім жағдайларының көрсеткіштерінде айқын байқалады-вакцинациялаудың әсерінен айтарлықтай төмендеу тенденциясы орын алуда.

- Алдын алу шараларының қажеттілігі

Ғалымдардың айтуынша, жақында BA.2 ауруының өсу динамикасы тіркелуі ықтимал. Жаһандық толқулар бір уақытта пайда болуы мүмкін, көптеген елдер маска режимін және басқа да антиковидтік шараларды алып тастады.

- Халықтың осал топтарын қорғау

                BA.2 аурушаңдық көрсеткіші өсуінің себебі қандай болса да зерттеушілер вирустың, әсіресе вакцинацияланбаған және халықтың басқа да осал топтарына зиян тигізетініне сенімді. Сондықтан тиімділігі дәлелденген препараттармен екпе алу коронавирустың жаңа толқыны қарсаңында өте маңызды.