Астаналық санэпидбақылау: Өткен жылы елорданың медициналық ұйымдарына антирабиялық көмек алу үшін 1 700-ден аса адам жүгінген

Астаналық санэпидбақылау: Өткен жылы елорданың медициналық ұйымдарына антирабиялық көмек алу үшін 1 700-ден  аса адам жүгінген

               Құтыру -жануарлар мен адамдардың орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын және дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаса, өліммен аяқталатын табиғи-ошақты қауіпті жұқпалы ауруы.

               Құтырумен көбінесе жабайы жануарлар – қасқыр, түлкі, енот, тиін, борсық, т.б. ауырады.Олар тістегенде жануарлар мен адамдарға сілекейі арқылы жұғады. Адамдар арасында құтыру әдетте үй жануарлары арқылы таралады. Әсіресе қаңғыбас иттер мен мысықтар қауіпті. Үй жануарлары жабайы жануарлардан және бір-бірінен жұқтыруы мүмкін.

                Айта кетейік, жыл сайын елорданың медициналық ұйымдарына жылына 1702-ден 1794 адамға дейін (2020 ж) жануарлардың тістеуіне байланысты көмек сұрайды. 2021 жылы көмекке жүгінген барлығы  -1702 адам болды, оның ішінде ит тістеген-1233, мысық тістеген – 420, жылқы тістеген -3 және басқалары - 46 адам (тышқандар, маймылдар, тиін, егеуқұйрықтар, құндыз).  2022 жылы медициналық көмекке -323 адам жүгінді, оның ішінде ит тістеуі бойынша-207, мысық-104, және басқалары-12 (кеміргіш-2, егеуқұйрық-2, тышқан-4, тиін-1). Оның ішінде үш адам жабайы жануардың (түлкінің) тістелгенінен медициналық көмекке жүгінді.  Барлық зардап шеккендерге құтыруға қарсы вакцинация курсы тағайындалды.

                 Елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жануарға тістеліп, зардап шеккен жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Тек маман ғана зақымдану санатын анықтайды және құтыруға қарсы вакцинацияны тағайындайды.                

                  Қазіргі таңда осы қорқынышты дерттің алдын алудың бірден-бір жолы болып табылатын құтырмаға қарсы екпелер тегін жүргізіледі. Олар демалыс және мереке күндері жасалады. Белгіленген вакцинация курсын уақытында қабылдау қажет. «Жануардың дені сау» деген ветеринарлық анықтама негізінде дәрігер иммундау курсын қысқартады. Толық курс бес вакцинацияны қамтиды (0,3,7,14 және 28-ші күні). Дәрігер тағайындаған вакцинация курсын өз еркімен тоқтатуға және қысқартуға болмайды. Вакцинацияның үзілген курсы адамды құтырудан қорғауға кепілдік бермейді.       

                  Есіңізде болсын! Жануар тістегеннен кейін екпе қабылдамаған әрбір  күн - өмірге қауіп төндіреді.