Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бақылауда

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бақылауда

             Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату мәселелеріне неғұрлым мұқият назар аударылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медицина саласының қалдықтарын аса қауіпті топқа жатқызады және оларды жою мен қайта өңдеу жөніндегі мамандандырылған қызметтерді құру қажеттігін атап өтті.

              Медициналық қалдықтардың эпидемиологиялық қауіптілігі тұрмыстық қалдықтармен салыстырғанда олардың жалпы микробтық саны едәуір жоғары, патогендік микроорганизмдер, бактериялар мен вирустар табылатындығына байланысты. Осыған байланысты қалдықтарды дұрыс пайдаланбау жұқпалы аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.

              Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 761 медициналық ұйым тұр. Оның ішінде 4-де (0,5%)  «Б», «В» классты  медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі арнайы инсинераторлық қондырғылары бар, олардың қызметі лицензияланған. Олар Көкшетау қаласының базасындағы қуаты сағатына 100 кг «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында», «Ақмола облыстық қан орталығында» (40 кг/сағ), Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының инфекциялық аурулар орталығында (100 кг/сағ) және Жақсы аудандық ауруханасында (120 кг/сағ) орналастырылды.

             Қалған медициналық ұйымдар «Б», «В», «Г» классты медициналық қалдықтарды арнайы қондырғылар орнатылған, медициналық қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын 8 ұйыммен шарт негізінде кәдеге жаратады: Көкшетау қ. «Металлқұрылысбаза» ЖШС, Бурабай ауданындағы «Амир Бурабай»  ЖШС, Атбасар ауданындағы «Дархамбаева К.Т» ЖК,  ЖШС «Меруерт-Атбасар», Степногорск қ. «Экобизнес» ЖШС, Нұр-Сұлтан қ. «КазМедПроф» ЖШС, «Аклер Групп» ЖШС, «Утилизация ЛТД» ЖШС. Бұл объектілерде қуаты сағатына 2750кг құрайтын медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі арнайы қондырғылар орнатылған, бұл «Б» және «В» класстағы медициналық қалдықтардың ай сайынғы көлемін кәдеге жарату үшін жеткілікті болып табылады. Барлық қондырғыларда медициналық қалдықтар өртеу әдісімен залалсыздандырылады.

             2022 жылдың 2 айында 20,2 тонна А классты қалдықтары, 22 тонна Б классты қалдықтары, 61 тонна В классты қалдықтары, барлығы 711 бірлік Г классты қалдықтары тапсырылды. Кәдеге жаратуды қауіпсіз жинау қораптарын сатып алу үшін 6,1 млн.теңге бөлінді. 

             Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдастыру жағдайы, медициналық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша проблемалық мәселелерді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мүдделі органдармен бірлесіп үнемі қаралады.

              Ағымдағы жылдың 17 наурызында ТКШ саласына жетекшілік ететін облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары, экология департаменті, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері, Ақмола облысының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшыларының қатысуымен өткен кеңесте қаралды.

              Кеңес нәтижелері бойынша медициналық қалдықтарды жинауды, сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды реттеу үшін экология департаментіне химиялық тәсілмен залалсыздандырудан өткен «Б» және «В» классты қалдықтарды ҚТҚ полигондарына шығаруға тыйым салу мүмкіндігін, «Б» және «В» классты медициналық қалдықтарды залалсыздандыру үшін жағу әдісінен басқа ДДҰ ұсынған қоршаған ортаға экологиялық таза балама технологияларды пайдалану мүмкіндігін қарау туралы ұсыныс енгізілді.