Наурыз мейрамын тойлау кезінде тағамнан улануға жол бермеңіз!

Наурыз мейрамын тойлау кезінде тағамнан улануға жол бермеңіз!

              Маңғыстау облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті алда келе жатқан Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде жаппай улануға жол бермеу үшін гигиеналық талаптарды сақтауға кеңес береді.

              Наурыз мейрамы кезінде дәстүрлі түрде үстелді алуан түрлі тағамдар ассортиментімен жабуға тырысады: көптеген ұлттық тағамдардан бастап салаттар және кремі бар кондитерлік бұйымдарға дейін толтырады, алайда, егер гигиена талаптары сақталмаса, онда мерекелік үстелде бас қосу тамақтан улануға алып келуі мүмкін.

              Осыған байланысты, Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде және осы мейраммен байланысты демалыс күндері улануға жол бермеу үшін гигиеналық талаптардың сақталуын тағыда еске сала отырып, кеңес береміз.

              Тағамдарды дайындау кезінде мерекелік үстелге оларды сақтау мерзімдері мен тұтыну уақытын сақтау қажет, шикі және дайын тағамдардың бірге сақталуына жол бермеу керек, ал сапасына кішкене күдіктенген болсаңыз, ол тағамды, әсіресе, кешегі үстелден кейін қалған тағамдарды пайдалануға болмайды.

              Ең үлкен қауіп төндіретін тағамдар: тауық етінен жасалған дайын тағамдар, жұмыртқа қосылған тағамдар, майонез бен қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер (торттар, тәтті нандар).

              Мерекелік үстелге дайын тағамдардың алдын ала қойылмауын және олардың қажетті температуралық режиммен сақталуын қамтамасыз етуге кеңес береміз.

              Мереке күндері көбінесе қоғамдық тамақтандыру объектілері мен сауда орындары көп мөлшерде кулинарлық, сондай-ақ, кремді кондитерлік өнімдер дайындап пісіреді.

              Осыған байланысты, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың болуына, оларды сақтау және іске асыру шарттарына назар аудару қажет.

              Тазалық ережесін сақтамайтын  сауда орындарынан азық-түлік өнмдерін сатып алудан абай болыңыз !

              Сонымен қатар, Наурыз мейрамы күндерінде уланудың алдын алу мәселелеріне мейрамханалар, кафе және азық-түлік дүкендердің басшыларының көңіл бөлулерін сұраймыз. Персоналдар жеке гигиена ережелерін сақтауы және медициналық тексеріп-қараудан өткен қызметкерлер жұмысқа жіберілуі тиіс.