«Ashyq» жобасын қолдану мәжбүрленбейді

«Ashyq» жобасын қолдану мәжбүрленбейді

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер АЛЫП ТАСТАУ туралы бірнеше қаулылар қабылдады:

Бірінші: эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:

- әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;

- міндетті термометрия;

- «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану.

Бұл ретте,  «сары» және «жасыл» аймақтарда «Ashyq»-ты субъектілер ерікті түрде пайдалануына болады.

«Ashyq» толық алынып тасталған жоқ, себебі эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймақтағы («қызыл» аймақ) өңірлерде қосымшаны пайдалану міндетті болып табылады.

Екінші: эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.

Үшінші: COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

Төртінші: вахталық әдіспен жұмыс жасайтын ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.

Бесінші: COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарда жасыл мәртебенің қолданылу мерзімі 6 aйға дейін ұзартылды.