Ақтөбе облысындағы өнімдердің 5%-ға жуығы техникалық регламенттердің талаптарына сай емес

Ақтөбе облысындағы өнімдердің 5%-ға жуығы техникалық регламенттердің талаптарына сай емес

             2021 жыл ішінде қауіпсіздік мониторингі шеңберінде өнімнің 2 299 үлгісі зерттелді. Оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін 114 (4,9%) сынама анықталды.

              Тамақ өнімдерінен 1 658 сынама зерттелді, соның ішінде 95 сынаманың техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздігі анықталды. Тұтастай алғанда, сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің ең үлкен көлемі, яғни 61,0% – ы импорттық өнімге тиесілі:  

- Техникалық регламенттердің талаптарын бұзудың негізгі түрлері: өндірушілердің 80,0% жағдайда (76 сынама) таңбалау қағидаларын бұзуы, микробиологиялық көрсеткіштерге -12,6% (12 сынама), қауіпсіздік талаптарына - 2,1% (2 сынама) сәйкес келмеуі, мәлімделген қасиеттерге немесе физика–химиялық көрсеткіштерге -9,4% (9 сынама) сәйкес келмеуі.

- Техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімдердің ең жоғары үлес салмағы балық, балық өнімдері, таңбалау бойынша - 17,8%, құс еті, құс өнімдері – 13,6% (10 сынама) және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша (4 сынама), ет және ет өнімдері – 10,5% (оның ішінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 5 сынамаға, таңбалау бойынша 8 сынамаға сәйкес келмейді) құрайды.

                2021 жылы азық-түлік емес өнімдердің 641 сынамасы алынып зерттелді, оның 19 сынамасы немесе 2,9% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді, мұның бәрі басқа елдердің өнімі.

                 Азық-түлік емес өнімдердің ішінде таңбалау талаптары бойынша сәйкессіздіктің ең жоғары үлес салмағы 52,6% балалар ойыншықтарына тиесілі. Зерттелген балалар ойыншықтарының 95-і Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейді, олардың барлығы үшінші елдердің өнімдері.

                Адам терісімен жанасатын бұйымдардың 57 үлгісі зерттелді, олардың ішінде таңбалау бойынша сәйкес келмейтін 5 сынама немесе 26,3%. Тұрмыстық химия тауарлары үлгілерінің 127 сынамасы зерттелді, бір сынама немесе 5,2% таңбалау бойынша Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

               Парфюмерлік-косметикалық өнімдер үлгілерінің 178 сынамасы зерттелді, олардың ішінде таңбалау бойынша Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін 1 сынама немесе 5,2%.

                2021 жыл ішінде анықталған сәйкессіздік фактілері бойынша мониторинг шеңберінде 6 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, бұзушылықтарды жою туралы 55 ұйғарым берілді, жалпы сомасы 131 265 теңгеге 3 айыппұл салынды.

                Сәйкес келмейтін 237,85 кг тамақ өнімдері сауда кәсіпорындарында сатудан алынып тасталды.

                ЕАЭО елдері мен басқа елдердің сәйкес келмейтін өнімдері бойынша ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне 40 іс- құжаттар, ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – ТРМКД) 27 материал және өнім өндіретін кәсіпкерлік субъектілеріне және Қазақстан Республикасының өнімі бойынша шағым қабылдайтын заңды тұлғаларға 20 хабарлама жіберілді.

                 2021 жыл ішінде Департаментпен Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер бойынша жіберілген материалдардың қорытындысы бойынша жолданған іс-құжаттар негізінде ТРМКД-мен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 15 241 322 теңге сомасына 11 айыппұл салды (Ақтөбе облысының 9 ТРМКД, Алматы облысының 1 ТРМКД, Қостанай облысының 1 ТРМКД). Ойыншықтардың 4 үлгісіне арналған 3 қауіпсіздік сертификатының, тамақ өнімдерінің 4 түріне сапасы мен қауіпсіздігі сәйкестігі туралы 3 декларацияның қолданылуы тоқтатылды.

                 Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметінің негізгі басымдықтарының бірі облыс халқын қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету болып табылады.