
Күн сайын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында алыс және жақын шетелдерден республикаға келетін жолаушыларға санитариялық-карантиндік бақылау жүргізіледі. Барлық келген жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, ПТР әдісімен (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде) COVID-19 тестінен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. Бұл ретте анықтама ПТР әдісімен зерттеу үшін материалды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес уақытта таңдаған жағдайда жарамды. 5 жасқа дейінгі балаларға анықтама ұсынуы оларды алып жүретін адамдарда анықтама болған жағдайда, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларына, авиакомпаниялар экипаждарына анықтаманы ұсыну талап етілмейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 9 «ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.10.2021 жылғы № 48 «ҚР-да СOVID - 19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» қаулысына сәйкес республика аумағында азаматтардың коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп 31 елден танылады, оның ішінде Аргентина Республикасы, Белизда, Боливия Республикасы, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Индонезия Республикасы, Ислам Республикасы, Иран, Иордания, Канада, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Монғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан – Марино Республикасы, Сербия Республикасы, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Черногория Республикасы, Чех Республикасы, Шри - Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы, Эквадор Республикасы, Эстония Республикасы және Жапония.