Алматы облысы бойынша ойыншықтардың қауіпсіздігі мониторингі нәтижелері

Алматы облысы бойынша ойыншықтардың қауіпсіздігі мониторингі нәтижелері

             Өскелең ұрпақтың денсаулығына қамқорлық жасау – бүкіл қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Бірнеше жыл бойы Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс аумағында сатылатын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізіп келеді.

              2021 жылғы мониторинг қорытындылары зерттелген ойыншықтардың 57%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті. Ойыншықтардың сәйкес келмейтін сынамаларының 99%-ында олардың таңбалануы бойынша бұзушылық анықталды.

              Сонымен қатар, Қытайда белгісіз өндірушілер шығарған 3 жастан асқан балаларға арналған ойыншықтардың 15 үлгісінде формальдегид пен басқа химиялық заттар (стирол, ксилол, бензол) анықталған: қуыршақтың 3 үлгісі "Frozen II", NO. JZ 668, NO.YB001, NO.191,7 «Dream FASHION» қуыршағы,, «Dear Treasure», «Baby shop» пластмассадан жасалған қуыршақ, «Поп-Ит» ойыншығының 3 үлгісі, түрлі-түсті, сегіз бұрышты және дөңгелек пішінді, «Taste fashion», «Makeup series» макияжға арналған жиынтық, NO. 3393А, бадминтон «Rocket King» сауда белгісі, «Tool set super», «Bal Bang» ұлдарға арналған құралдар жинағы, Bang», NO.BB8002A, «FARM» пластмассадан жасалған үй жануарларының жиынтығы, «WOXIN» сауда белгісі, NO.0916-68, «FLASH ELECTRIC GUN» «F837A» батареясы бар пластмассадан жасалған тапанша, «ROBOCAR POLY» пластмассадан жасалған машиналар жиынтығы (6 дана), NO.Р4.

             Сондай-ақ, 3 жастан асқан балаларға арналған ойыншықтардың 2 үлгісінде иіс қарқындылығының артуы анықталды: «Jumping animal toy» секіргіш пони, артикул JAT-0806-001, «MIDNIGHT MYSTERY WARRIOR» ойыншықтар жиынтығы, ITEM NO: 31739. Ойыншықтар Қытайда белгісіз өндірушілермен шығарады.

             2022 жылдың 2 айында облыс бойынша мониторинг барысында ойыншықтардың 24 үлгісіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілді, оның 19-ы (79%) техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді.

             100%-да таңбалаудың бұзылуы анықталған, ойыншықтардың 1 сынамасы (5%) санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді (бензолдың мөлшері артылғаны анықталды) - «GT.POLICE CAR» «SUPER RACING SET» пластмассадан жасалған машиналар жиынтығы, 3 жастан асқан балаларға арналған. Ойыншық Қытайда белгісіз өндірушілермен жасалған.

              Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қауіпті ойыншықтар табылған дүкен иелеріне ұйғарым беріп, аталған өнімді сатуға жол бермеу туралы хабарлама жіберді.