Қарағанды облысындағы қоршаған орта объектілеріне жүргізілетін санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг барысы

Қарағанды облысындағы қоршаған орта объектілеріне жүргізілетін санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг барысы

             Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары тарапынан халыққа берілетін ауыз судың сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

            Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу мақсатында департамент және оның аумақтық басқармаларымен су дайындау кезеңдерінде, сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйіне және ауыз су сапасына, өндірістік бақылаудың жүзеге асырылуына тұрақты негізде бақылау жүргізеді.

            2021 жылы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша қанағаттанарлықсыз су сынамаларының үлес салмағы 0,1%-ды, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша -  0,6%-ды құрады. Ауыз судың нормативтік көрсеткіштерінен асып кетуі Теміртау, Бұқар Жырау және Жаңаарқа аудандарында анықталды. Осы бұзушылықтарды жою үшін эпидемияға қарсы іс-шаралар, су құбыры желілерін дезинфекциялық өңдеу және жуу жұмыстары жүргізілді.

           Көрсеткіштерден асып кету себептері көбінесе табиғи сипаттағы құбылыстар мен маусымдық су тасқыны кезеңі, сондай-ақ авариялық жағдайлардың болмашы санының орын алуы болды.

           Қарағанды облысында өнеркәсіп қара және түсті металлургияның, көмір өнеркәсібі, жылу энергетикасы, машина жасаудың ірі тау-кен металлургия кешендері орналасқан.

           Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізу шеңберінде 2021 жылы атмосфералық ауаның 21 400 сынамасы зерттелді, оның ішінде шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кетуімен - 791 сынама (3,6%) анықталды. Атмосфералық ауаның ең көп ластануы Балқаш, Теміртау қалаларында және Қарағанды қаласында байқалады.

           Атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының көздері бар кәсіпорындарда шығарындыларды есепке алу және шаң-газ тазарту құрылыстары жұмысының тиімділігі бойынша өндірістік зертханалық бақылау жүргізіледі.

           Есепті кезеңде кәсіпорындар бойынша атмосфераға зиянды заттардың жалпы шығарындыларының артуы байқалған жоқ, дүркін және авариялық шығарындылар тіркелген емес.