
Шымкент қаласында А вирусты гепатит аурушаңдығы бойынша талдау жасау барысында аурудың біршама төмендегені байқалады.
2008 жылы тұрғындар арасында 3115 жағдай тіркелсе, 2021 жылы 1 жағдай ғана тіркелген.
А вирусты гепатит ауруының тіркелуінің төмендеуі – 2006 жылдан бастап 2 жастағы балаларға вакцинация жүргізудің нәтижесі деп білеміз. Бүгінгі күнге қала бойынша 14 жасқа дейінгі балалар толық егілген.
А вирусты гепатит (ВГА) – бауырды зақымдайтын жіті жұқпалы ауру.
А вирусты гепатиттің клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуінен қалтырау, әлсіздік, жүрегі айну, құсу, ішінің ауруы, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы, тері қабатының сарғаюы. Аурудың клиникалық белгілері жеңіл сарғаю түрінен ауыр ағымға өтіп, кей жағдайларда өлімге дейін алып келуі мүмкін.
Науқас вирусты аурудың алғашқы кезеңінде бөледі, сондықтан клиникалық белгілері білінгенге дейін ауру көзі болып, басқаларға жұқтырады.
А вирусты гепатиттің вирусы жоғары зақымдағыш қабілетке ие, вирус адам ағзасынан нәжіспен және зәрмен бөлініп, суды, тағамды және қолданыстағы заттарды зақымдайды. Вирус адам ағзасына ауыз қуысы арқылы зақымданған су, тағамдық өнімдер, науқаспен қатынаста болғанда жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда лас қол арқылы жұғады. А вирусты гепатитпен жылдың кез келген мезгілінде, көбіне жаз-күз айларында ауырады.
А вирусты гепатиттің алғашқы белгілері жұқтырған күннен бастап 7 күннен 50 күнге дейінгі аралықта пайда болады. Сарғаю белгілері білінгенге дейінгі мерзімдегі науқастар өте қауіпті, бұл кезде науқас вирусты көптеп бөледі. Сарғайғаннан кейін науқас вирусты аздап бөліп, соңынан толық тоқтайды. Ауруды ерте анықтап, уақытылы ауруханаға жатқызу жұқпаның таралуының алдын алады.
Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде А гепатитімен 1,5 миллион адам ауырады. А гепатиті гигиеналық және санитариялық жағдайы төмен елдерде жоғары деңгейде тіркелетіні анықталған. Адамдар ауруды ауыз су тапшылығы бар, су, канализация жүйесінің және тұрғылықты тұрғындардың гигиеналық деңгейі төмен дамыған елдерге барған кезде жұқтыруы мүмкін.
А вирусты гепатиттің алдын алу шаралары:
- жеке бас гигиенасын сақтау, сырттан келгенде, тамақ ішер алдында немесе дәретханаға барғаннан кейін қолды сабындап жуу;
- тек қайнатылған су ішу (есте сақтаңыз, вирус суды 1000С қайнатқанда, тек 5 минуттан кейін ғана өледі екен).
- арнайы тағайындалған жерлерде ғана шомылу;
- жеміс-жидекті қолданар алдында тазалап жуу;
- тағамдық өнімдерді белгісіз адамдардан немесе рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау;
- үй жағдайында тамақ дайындар алдында гигиеналық ережелерді және тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық мерзімін сақтау;
- тағамдық өнімдерді мұқият қуыру немесе қайнату.
Бүгінгі күнге А вирусты гепатитінің алдын алудың тиімді әдісі – вакцинация. Вакцина егу 2 курстан тұрады, ол алғашқы егуін алғаннан кейін екінші егуін 6 айдан кейін алады.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аудандық басқармаларының мамандарымен А вирусты гепатит аурушаңдығының алдын алу туралы санитариялық-ағарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.