Алматы қаласында ЖРВИ-мен ауыру азайды: грипптан қорғанудың қарапайым және тиімді тәсілдері

Алматы қаласында ЖРВИ-мен ауыру азайды: грипптан қорғанудың қарапайым және тиімді тәсілдері

             Алматы қаласында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық төмендеуі байқалады, ағымдағы жылдың 8-ші аптасында ЖРВИ-дің 3874 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 7,4% - ға төмен және өткен аптаның көрсеткішінен 22,63% - ға төмен. Ауру 55,03% балалар саның қамтиды (2132 жағдай). Барлығы 207 науқас ауруханаға жатқызылды, оның ішінде жүкті - 3, 1 жасқа дейінгі балалар - 71, пневмониямен - 27, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 3, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 1.

            Жаңа эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, яки  1 қазаннан ағымдағы жылдың 23 ақпанына дейін уақыт аралығында ЖРВИ - дің 159 930 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 49,5% - ға жоғары. Аурудың 58,0% - ы балалар саның қамтиды (92 818 жағдай). Барлығы 7942 науқас ауруханаға жатқызылды, оның ішінде жүкті - 304, 1 жасқа дейінгі балалар - 2276, пневмония – 2 815 жағдай (өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есе артық), оның ішінде жүкті әйелдер - 68 және 14 жасқа дейінгі балалар - 320, оның ішінде 1 жасқа дейін - 112.

            2020-2021 жылғы өткен эпидемиологиялық маусымда 40-шы аптадан 8-ші аптаға дейін ЖРВИ-дің 792 жағдайы тіркелді. Ауру 62,9% балалар саның қамтиды (49890 жағдай). Ауруханаға барлығы 4 806 адам жатқызылды, оның ішінде жүкті - 36, 1 жасқа дейінгі балалар – 2 501, пневмониямен 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 156, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 45.

            Алматы қаласының СЭЭО вирусологиялық зертханасы тұмаумен, ЖРВИ-мен ауырғандар арасында вирустардың айналымына зертханалық бақылау жүргізді. Тұмаумен сырқаттанушылықтың 51 жағдайы тіркелді.

- 51 оң H3N2 тұмауы анықталды, оның ішінде 308 зерттеу, оның ішінде ГПЗ - 142, ТОРИ - 166;

- Зертханалық түрде науқастардан басқа тұмау емес инфекцияларға 43 материал зерттелді, оның ішінде 12 сынамада ПТР әдісімен анықталды: риновирус - 7, РС - 4, коронавирус - 1.

             Тұмаудың алдын алу мақсатында Алматы қаласында «қауіпті топтағы» адамдарды тұмауға қарсы вакцинациялау аяқталды.

              ЖРВИ - бұл грипп емес! Көп жағдайда тұмауды гриппен шатастырып жатады. Алайда, ЖРВИ жеңіл түрде өтіп, әрі оңай емделетініне назар аудару керек. Сондықтан ЖРВИ-дің бастапқы кезеңінде емдеуді қабылдаған дұрыс, тұмауды асқындырып, гриппке шалдыққаннан гөрі. Өйткені, грипп вирусынан туындаған ауру ауыр болады және өкпенің қабынуына әкелуі мүмкін.

Грипптің белгілері:

- Ыстықтың көтерілуі

- Қалтырау

- Бас ауруы

- Бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну

- Мұрын бітелу немесе мұрыннан су ағу

- Жөтел, ауырсыну немесе тамақтың ауыруы

Алдын алу шаралары. Аурудың өсуі кезеңінде әрбір азаматы ЖРВИ-ге, гриппке қарсы спецификалық емес алдын алудың жалпы шараларын ұмытпауы қажет:

- ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен жанасудан аулақ болыңыз, байланысқа түскен жағдайда, онда оксолинді жақпа жағып, бетперде кию керек

- Адамдар көп жиналатын жерлерге барынша сирек шығу

- Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде қолданыңыз

- Қолды сабынмен жиі және мұқият жуу

- С дәрумені бар тағамдарды (лимон, мүкжидек, қызылжидек және т. б.) және сарымсақ пен пияз қосылған тағамдарды мүмкіндігінше көп жеу

- Бөлмеде үнемі дымқыл тазалау жасаңыз

- Салауатты өмір салтын ұстану: спортпен шұғылдану, жеткілікті ұйықтау, дұрыс тамақтану

            Маңызды! Грипптің белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз және дәрі-дәрмектерді өз бетінше қабылдамаңыз. Сіздің әл-ауқатыңызға уақтылы көңіл бөлу, сізге нақты диагноз қоятын және одан әрі емдеуді тағайындайтын дәрігерді шақыру сіздің денсаулығыңыздың қауіпсіздігіне кепілдік береді!